top of page

Түркиядан келген профессор Хулия Ченгел Қозыбаев Университетінде дәріс оқиды

Түркиядан профессор Хулия Касапоглу Ченгел Қозыбаев университетінің студенттеріне дәріс оқу үшін келіп отыр. Ол филология саласында белгілі ғалым, түркі тілдері мен мәдениеті бойынша маманы және PhD докторы. Кажы Байрам Уали университетінде сабақ береді (Анкара қ.).


Түркиядан келген профессор Хулия Ченгел Қозыбаев Университетінде дәріс оқиды


Профессор Ченгел түркі халықтарының тілдерін және Алаш қозғалысының мұрасын зерттеумен айналысады. Оның 100-ден астам ғылыми мақалалары халықаралық басылымдар мен конференциялар жинақтарына енгізілген.


«2023 жылы біз Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған іс-шараға қатысқан едік. Түркияның барлық халқы Мағжанды Алаш қозғалысының көшбасшысы, талантты ақыны және қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы ретінде біледі және құрметтейді. Бүгінде Қозыбаев университеті әлемдегі жетекші ЖОО бірі болып табылады. Біз әдебиеттану және филология салаларында ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтуді көздеп отырмыз», – деді Хулия Касапоглу Ченгел.

Түркиядан келген профессор Хулия Ченгел Қозыбаев Университетінде дәріс оқиды

Оның ғылыми ізденіс саласы түркі тілдері мен диалектілеріне, түркі лингвистикасы мен жазу тарихына бағытталған. Хулия Касапоглу Ченгел салыстырмалы фонология, түркі жазба ескерткіштері мен әдебиет саласында зерттеулерді жүргізеді.


2023 жылы университетіміздің Ғылыми кеңесінің шешімімен доктор Хулия Касапоглу Ченгелге «Университеттің құрметті профессоры» атағы берілді.  Бұл жолы ол Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша ТжӘИ студенттеріне дәріс оқиды.


Түркиядан келген профессор Хулия Ченгел Қозыбаев Университетінде дәріс оқиды

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page