top of page

Түркістанда кітап талқылауға арналған жаңа әдеби алаң ашылды

12 hours ago
1 min read

Түркістанда Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау мақсатында жаңа әдеби алаңда «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты кездесу өтті, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


Түркістанда кітап талқылауға арналған жаңа әдеби алаң ашылды

Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушылар, журналистер, жастар мен кітапсүйер азаматтар қатысты.


Алғашқы жиында қазақтың белгілі жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы талқыланды. Қатысушылар шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлердің тағдыры, рухани құндылықтар мен қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ романның көркемдік ерекшелігі мен қаламгердің шығармашылығы кеңінен сөз болды.


Түркістанда кітап талқылауға арналған жаңа әдеби алаң ашылды
Кездесуде жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және әдеби шығармаларды талқылау мәдениетін қалыптастырудың маңызы айтылды.

Алдағы уақытта әдеби алаңда қазақ және әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын талқылауға арналған кездесулер тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page