«Учусь великому» іс-шарасы
- Редакция "СО"
- 12 hours ago
- 1 min read
Орыс тілі еліміздің білім беру саласында және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. Осы үдерісті қолдау мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында ҚР жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ауқымды білім беру жобасы – «Учусь великому» іс-шарасы өтеді.

Бұл шара еліміз бойынша орыс тілін оқытуға арналған жаңа орталықтың алғашқы қадамы болмақ. Төрт күнге созылатын мазмұнды бағдарлама барысында қатысушылар орыс тілін оқыту бойынша жаңа дағдыларға ие болады. Орыс тілі пәні мұғалімдеріне ресейлік педагогтар дәріс пен шеберлік сабақтар өткізеді.
«Учусь великому» іс-шарасы «Моя история» қоры (https://t.me/fmi_we) мен В.Г. Короленко атындағы Глазов мемлекеттік инженерлік-педагогикалық университетінің (https://t.me/ggpiglazov) ұйымдастыруымен, Ресей Білім министрлігінің (https://t.me/minprosrf) қолдауымен 2025 жылғы 8–11 қыркүйек аралығында өтеді.
Comments