top of page
Search

Цинхуа университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Астана халықаралық университеті Жоғары білім беруді интернационалдандыру аясында Цинхуа университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қол қойылған құжатқа сәйкес университеттер бірлескен білім беру және зерттеу қызметін жүзеге асыру, профессор-оқытушылар құрамымен және зерттеушілермен алмасу, студенттермен алмасу, семинарлар мен ғылыми кездесулерді бірлесіп ұйымдастыру, білім беру және зерттеу саласындағы материалдармен, жарияланымдармен және академиялық ақпаратпен алмасу туралы келісті.


Атап өтсек, Цинхуа университеті (Tsinghua University) – 1911 жылы құрылған ҚХР-дағы жетекші университеттердің бірі. «Лига С9» - Қытайдың тоғыз элиталық жоғары оқу орындарының құрамына кіреді.


Цинхуа университеті ҚХР университеттерінің Ұлттық рейтингінде бірінші орында. Университет түлектерінің арасында көптеген атақты ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, өнер қайраткерлері мен саясаткерлер, соның ішінде ҚХР Төрағасы – Си Цзиньпин бар.


bottom of page