top of page
Search

ШҚТУ-да халықаралық EKTU RnD forum-2024 басталды

Екінші халықаралық EKTU RnD forum-2024 машина жасау және тау-кен металлургия кешені (ТМК) саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшыларын, салалық қауымдастықтар, жетекші салалық компаниялар, жоғары оқу орындары, ҒЗИ және ШҚТУ шетелдік серіктестері өкілдерінің: Tianjin Vocational Institute, Tianjin UMS smart Technology, China Automotive Technology and Research Center (CATARC) басын қосты.


EKTU RnD forum-2024

Ұдайы дамуды, жұмыс процестері мен жабдықтарды жаңартып тұруды талап ететін салалар – бизнес-қоғамдастық және өнеркәсіп. Өнеркәсіптік сектордың мәселелерін шешетін зерттеу жұмыстары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарады. Форум мақсаты – машина жасау және ТМК саласындағы кәсіпорындар, ЖОО және ҒЗИ-нің өзара іс-қимылы мен коммуникациясы арқылы ғылыми-техникалық мәселелерге тиімді ұсыныстар әзірлеу.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: елімізде өндіріс құрмаса, жабдық импорты созылмалы дертке айналуы мүмкін екенін, өз кезегінде, индустриялық саясат инфрақұрылымды жаңғырту және минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі жоспарлармен келісімде болуы тиіс екенін айтты.


Екінші халықаралық EKTU RnD forum-2024 осыған орай, «Ғылым және өнеркәсіп: сын-тегеуріндер, шешімдер және стратегиялар» тақырыбында өтті. Форумда ЖОО, ҒЗИ және салалық кәсіпорындардың өзара іс-қимылының табысты кейстері ұсынылды; ҚР ЖОО ғылыми-техникалық қызметімен танысу; кадрлар даярлаудың жүйелі ғылыми-техникалық міндеттері мен мәселелері, кәсіпорындардың жергілікті сұраныстары анықталды; ғылыми техникалық міндеттерді шешу консорциумдары қалыптастырылды.


EKTU RnD forum-2024

Форумда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосинов, ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева, "Аllur" МК АҚ Директорлар Кеңесі Төрағасының кеңесшісі Айгүл Ахметова, Басқарма төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллина, "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК әдіскері Ұлжан Оспанова, Тяньцзинь тәуекелдерді басқару Smart technology оwn жүйесінің директоры Chung-Ming баяндама оқыды.


Форум форматы машина жасау, тау-кен металлургия саласын дамытуға бағытталған шешімдерді, тұрақты және ұзақ мерзімді экономикалық дамуға негіз болатын перспективалық жобаларды талқылауға ыңғайлы. "Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін автомобиль жасау саласының кластерлерін дамыту", "Машина жасаудағы автоматтандыру және роботтандыру технологиялары", "ТМК үшін жасанды интеллект және автоматтандыру" және "ТМК тұрақты дамуы: ресурстарды тиімді пайдаланудың жаңа технологиялары" атты төрт форсайт сессияда шетелдік тәжірибе қарастырылып, қатысушылар өз тәжірибелерімен және осы салалардағы түрлі міндеттерді шешу тәсілдерімен бөлісті.


Сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ форумы аясында "ALPHA-SAFETY" ЖШС; "АСС Қорған" ЖШС; "GEOSAT" ЖШС; "ГРП Восток" ЖШС және "Георесурс инжиниринг" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Уағдаластықтар барлық тараптардың пайдасына, тәжірибе алмасу, сараптамалық қолдау және консультациялық көмек арқылы әрбір серіктестің де, жалпы индустрияның да дамуына жол ашады.


EKTU RnD forum-2024

Болашақта форум қорытындысы инновациялық экономиканы қалыптастыру процесіне елеулі үлес қосып, ортақ мәселелерді бірлесіп талқылауға және бизнес пен өнеркәсіп өкілдері, ғалымдар тап болған түрлі міндеттер мен процестерге оңтайлы тәсілдер әзірлеуге септігін тигізеді. Инновациялық дамуды еңсеру және орнықты даму үшін кешенді және мақсатты тәсіл, ғылыми қоғамдастықтың, бизнес пен үкіметтің бірлескен жұмысы маңызды. Инновациялық инфрақұрылым, ынтымақтастық және білім алмасу перспективалы технологияларды дамытуға, енгізуге серпін беріп, Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді.


EKTU RnD forum-2024

bottom of page