Экология Қазақстанның 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми дамуының 7 басымдығының қатарына кіргенін хабарлады
- Редакция "СО"
- 10 hours ago
- 1 min read
Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» бағыты Қазақстанның 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми дамуының 7 басымдығының қатарына кіргенін хабарлады, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оның айтуынша осы бағыт бойынша 3 жылдық гранттық қаржыландыру аясында 318 жоба, ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 43 бағдарлама іске асырылуда. Сонымен қатар ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру конкурсы аясында жасыл технологияларға қатысты 23 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Мысалы, маңызды жобалардың бірі – «Электр көліктерін зарядтау станцияларын жаңғырту». Бұл жоба аясында республика бойынша 16 зарядтау стансасы орнатылып, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге келісімшарттар жасады. Жоба электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамытуға және көміртегі шығарындыларын азайтуға бағытталған.
Тағы бір жоба – «Жасыл» технология стандарттарына сәйкес келетін газ тазарту жабдықтарын енгізу бойынша жаңа өндірісті ұйымдастыру». Жобаның негізгі артықшылығы – өнімділігі жоғары, пайдалану шығындары төмен заманауи газ тазарту жүйелерінің жобасын әзірлеу.
Сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру шеңберінде бірқатар жоғары оқу орындарында экологиямен байланысты жобалар іске асырылуда. Мысалы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында кептірілген алма өндіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағында қияр, болгар бұрышы және көк шөп жылына екі рет, қызанақ бір рет жиналады. Саясат Нұрбек мұндай жобалар білім беру мен өндірістің байланысын нығайтатынын атап өтті.
Comments