top of page
Search

Ясауи Университеті мен ҚР Ұлттық ғылым академиясы Түркиямен ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

19.01.2024.


Ахмет Ясауи университеті Қазақстан мен Түркияның ортақ ғылыми жобаларын жүзеге асыратын «негізгі координациялық орталық» болуы керек. Бұл туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья университетте өткен дөңгелек үстел шарасында айтты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Университет Ясави

«Ахмет Ясауи университеті және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары» атты дөңгелек үстел ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланған диалог алаңына айналды.


Ең алдымен, дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья бастаған делегация университет басшыларымен кездесіп, ғалымдардың ғылыми бағыттағы жобаларымен толығырақ танысты. Сондай-ақ, делегация өкілдері университеттің ботаникалық бағын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.


Университет Ясави

bottom of page