top of page

Саясат Нұрбек Қазақстан-Неміс университетінің қызметімен танысты

16 hours ago
1 min read

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Неміс университетіне (DKU) барып, оқу орнының негізгі қызмет бағыттарымен, Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының дамуымен және университетті одан әрі дамыту перспективаларымен танысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Ғылым министрі Қазақстан-Неміс университетінің қызметімен танысты

Кездесу барысында министр университеттің инфрақұрылымын аралап, зертханаларын көрді, студенттермен және университет қызметкерлерімен кездесті. Қазақстандық және неміс жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен өзара байланыс орнату, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтудағы университеттің рөліне ерекше назар аударылды.


DKU президенті, профессор, доктор Волрад Роммельмен өткен жұмыс кездесуінде университеттің халықаралық білім беру ұйымы ретіндегі қызметінің нормативтік-құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіру мәселелері, сондай-ақ оның инфрақұрылымын кеңейту перспективалары талқыланды. Кездесуге DKU ректоры, PhD Асель Ажибаева, Есенов университетінің атқарушы ректоры, PhD Ермек Нұрмағанбет және DKU вице-президенті, доктор Асхат Жілқайдаров та қатысты.


Ғылым министрі Қазақстан-Неміс университетінің қызметімен танысты

Тараптар ғылыми-білім беру байланыстарын одан әрі нығайту, зерттеу қызметін дамыту және екі елдің академиялық қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.


Қазақстан-Неміс университеті жоғары білім мен ғылым саласындағы Қазақстан-Германия қатынастарын дамытуда маңызды рөл атқарады. Университеттің қызметін одан әрі жетілдіру, оның жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін кеңейту халықаралық академиялық ынтымақтастықтың маңызды алаңы ретіндегі әлеуетін арттыруға, ғылымның, білім мен инновациялардың дамуына ықпал етеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page