top of page

Ғылым ордасы мен Орталық мемлекеттік архив ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 9 ақпанда Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Орталық мемлекеттік архив директоры Сәбит Шілдебай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Ғылым ордасы мен Орталық мемлекеттік архив ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум аясында тараптар Архив пен Ғылым ордасы қорларын Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды құжаттармен толықтыру, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми және мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттау, реставрация саласында Архив кадрларының біліктілігін арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге келісті. Сонымен қатар, архивтік құжаттарды консервациялау және реставрациялау саласындағы ғылыми-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру да қамтылды.


Ұлар Мұқажанов Ғылым ордасы мен Орталық мемлекеттік архив арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап, кітапхана және архив ісі, сонымен қатар архивтік құжаттарды реставрациялау мен консервациялау бағыттарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Бас директордың айтуынша, ынтымақтастық аясында архивтік құжаттарды сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу жұмыстары жаңа деңгейге көтерілмек. Бұл бастама ұлттық тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін береді.


Ғылым ордасы мен Орталық мемлекеттік архив ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Іс-шара барысында мәдениет пен ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ ғылыми зерттеулер жүргізу, архив қорларын цифрландыру және кадрлық әлеуетті арттыру, тәжірибе мен ақпарат алмасу, реставрация саласында архив мамандарының кәсіби шеберлігін жетілдіру, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет мекемелерімен байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.


Меморандум Ғылым ордасы мен Орталық мемлекеттік архив арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, архив ісін және ғылыми-мәдени саланы дамытуға, сондай-ақ ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен зерттеуге мүмкіндік береді.




Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page