top of page

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференция

2025 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» атты республикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Физика-математика факультеті, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері (PhD) Р. Абдуалиева қатысып баяндама жасады.


ree

Конференция аясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен «Ұлттық диктант» жалпыұлттық жобасы ресми түрде іске қосылды. Конференцияның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қатысушылар аталған жалпыұлттық шараға белсенді түрде қатысты.


«Ұлттық диктант» жалпыұлттық жобасы – жазу мәдениетін жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ тіл арқылы ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Диктант офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, оған барлық азаматтың қатысуына мүмкіндік берілді.



Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page