Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады: «Министрге хат» акциясы басталды
- Редакция "СО"
- 2 days ago
- 1 min read
2025 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында республикалық «Министрге хат» акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру.
Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com
Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін.
Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
• баланың тегі мен аты;
• оқу орны;
• мекенжайы мен байланыс телефоны.
Акция қорытындысы бойынша Министр хаттармен жеке танысып, ең мазмұнды әрі шынайы хаттарға жеке жауап береді.
«Министрге хат» — бұл әр баланың дауысы маңызды саналатын сенім мен құрмет алаңы.
Comments