Қазақстан құрамасы географія бойынша IGeO 2026 командалық есебінде екінші орынға ие болды
- Редакция "СО"

- 6 hours ago
- 1 min read
Қазақстанның ұлттық құрамасы IGeO 2026 халықаралық географія олимпиадасында 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қостанай қаласының физика-математика бағытындағы NIS 11-сынып оқушысы Андрей Енбахтов алтын медаль жеңіп алып, жекелей есепте олимпиаданың абсолютті чемпионы атанды. Ол қатарынан екінші жыл IGeO алтын медалінің иегері атанып отыр.
Жетісу облысы Мұхтар Арын атындағы № 24 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Бекбол Дарын да алтын медаль жеңіп, жекелей есепте 9-орынға ие болды.
Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Әмір Дарынов пен Алан Козленко күміс жүлдегер атанды. Осылайша, Қазақстан құрамасының барлық төрт қатысушысы халықаралық олимпиаданың медальдарына ие болды.
Олимпиада 11–17 тамыз аралығында Стамбул қаласында өтті. Оған ұлттық іріктеу кезеңдерінен өткен 50 елден 184 оқушы қатысты.
Қазақстан құрамасының жетекшілері республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Абай Дүйсен мен NU студенті Алмас Искендиров болды.
Қазақстан Халықаралық географія олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Жас географтарды, олардың жетекшілері мен тәлімгерлерін осындай айтулы жетістігімен құттықтаймыз!



Comments