top of page

Қазақстанда балалардың жазғы демалысы кезінде жедел көмек пен кері байланыс тетіктері күшейтіледі

Жазғы маусымды сапалы ұйымдастыру мақсатында демалыс орталықтарында жұмыс істеу үшін педагогтар мен еріктілерді жұмылдырады, сондай-ақ оқушыларға жедел көмек көрсету үшін кері байланыс арналарын іске қосады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.


Механизмы оперативной помощи и обратной связи в период летнего отдыха детей усилят в Казахстане

Оның айтуынша Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына 120 мың педагог-ұйымдастырушы, сондай-ақ 12 мыңнан астам студент пен еріктілер жіберіледі. Олардың біліктілігін арттыру үшін «Балдәурен» және «Бөбек» орталықтарының базасында арнайы оқыту курстары мен семинарлар ұйымдастырылды. Барлық білім беру ұйымдарында балалардың тікелей көмек сұрауына арналған QR-кодтар орналастырылған. Сонымен қатар білім басқармаларының жанынан құрылған колл-орталықтар жазғы демалысқа қатысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын тәулік бойы қарайды.


«Демалыс орталықтарында жұмыс істейтін мамандардың сапалық құрамына мән берілген, әрбір қызметкердің соттылығы тексеріледі. Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында кері байланыс және жедел көмек көрсету тетіктері де күшейтілді.Атап айтқанда, білім басқармаларының жанынан құрылған колл-орталықтар жазғы демалысқа қатысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын қарайды. Сонымен қатар, «111» байланыс орталығы жазғы кезеңде күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады»,— деп атап өтті министр.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page