top of page

Қазақстандағы мектептер жаңа тәсілмен қаржыландырыла бастады

Қазақстандағы мектептер жаңа тәсілмен қаржыландырыла бастады. Алғашқы төлем сәтті аударылды. Айталық, Маңғыстау облысындағы жекеменшік мектеп-лицейге 108 млн теңге берілді.


Стартовала новая система  финансирования школ

Бұл ақша e-Qazyna мемлекеттік платформасындағы OrtaBilim жаңа цифрлы сервисі арқылы аударылды. Аталған қызмет мектептерге жасалатын қаржыландыру процесін ашық, жылдам және жайлы етуді көздейді. Осы ретте тың жобаны Ақпараттық-есептеу орталығы әзірлегенін айта кеткен орынды.


Бұған дейінгі жүйеге шағым көп айтылатын. Мәселен, ақша қағаз жүзінде ғана тіркелген оқушыларға немесе мұғалімдерге бөлініп келді. Ал оқу процесінің талапқа сай келмейтін жерлерде өткізіліп келгені туралы факті аз болған жоқ. Тың тетік мұндай жағдайларға тосқауыл қояды.


Енді қаржыландыруға байланысты барлық мәлімет ашық түрде жарияланады. Тиісті қаражат оқушылардың нақты санына қарай бөлінеді. Ақпарат автоматты түрде электронды күнделіктерден алынып, әр оқушы мен мұғалімге қатысты дерек ЖСН арқылы мемлекеттік деректер базасы бойынша тексеріледі.


Қазіргі еліміздегі барлық дерлік мектептің бюджеттері жарияланды. Білім басқармалары деректерді толығымен жүктегеннен кейін ғана мектептер қаражат алуға өтініш бере алатынын айта кетейік.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page