top of page

Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


ree


Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.


Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.


Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).


Кіші жас санаты (7-8 сынып):

Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).


Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.


Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page