top of page

Қазақстандық педагогтер Минскіде халықаралық марапаттарға ие болды

20 hours ago
1 min read

Минск қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің IX съезінде Қазақстан делегациясының үш мүшесі «ТМД білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар қазақстандық педагогтер IV Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде екі бірінші және бір екінші орынды иеленді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Қазақстандық педагогтер Минскіде халықаралық марапаттарға ие болды
Төсбелгі иегерлері қатарында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері Жаубай Қараев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова және Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Алина Соловьёва бар.

Съезге жеті мемлекеттің өкілдері қатысты. Қатысушылар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтердің кәсіби ұтқырлығын арттыру, инновацияларды енгізу және тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату мәселелерін талқылады.


Беларусьтің Ұлттық білім академиясында ұйымдастырылған фестивальдің бетпе-бет кезеңінде қатысушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы №1 мектеп-лицейінің педагогі Бауыржан Базарбаев бірінші орынды иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Тәрбиеші» номинациясында Ақтөбе облысының өкілі Индира Назарова бірінші орынға ие болды. «Психолог / әлеуметтік педагог» номинациясында Павлодар облысының өкілі Римма Абигузина екінші орынды иеленді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page