top of page
Search

Қазақстандық студенттер Amazon корпорациясының жобасымен жұмыс істеді

Қазақстандық студенттері мен магистранттары әлемде алғашқылардың бірі болып «Amazon» корпорациясының үлкен халықаралық жобасымен жұмыс істеу мүмкіндігін алды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«OpenSearch Amazon» жобасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Amazon» компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылды.


Ақпараттық технологиялардың білім беру бағдарламалары бойынша оқитын еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының 100-ден астам үздік студенттері мен магистранттары «Amazon» корпорациясының флагмандық жобаларының біріне тікелей қатысуға бірегей мүмкіндік алды, оның ішінде – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дан 10 адам бар.


2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында олар «Amazon» компаниясы мамандарының тікелей тәлімгерлігімен жұмыс істеді.

Жобаға қатысу қорытындысы бойынша «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранты Нұрым Сатыбалды «OpenSearch» жобасы шеңберінде өз бағыттары бойынша жұмысты талдау түрінде толық есеп алды және жетекші әлемдік корпорация тәлімгерлерінің пікірлерін, сондай-ақ болашақта тағылымдамадан өту немесе «Amazon» компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндігін алды.


Осы жобада жұмыс істеу барысында Нұрым Сатыбалды жоба аясындағы әзірлемелерге оң әсер еткен кәсіби шеберлік пен инновациялық қабілетін көрсетіп, «Amazon» компаниясынан ұсыныс хат алған ТОП-10 қатысушылардың қатарына енді.


Бұл бағдарлама оған «Amazon» компаниясы жетекші мамандарының қолдауымен үлкен тәжірибе мен практикалық жұмыс дағдыларын алуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық жобалармен жұмыс істеу портфолиосында трек рекордын (басқару нәтижелері) жасауға, «Amazon» компаниясының мамандарымен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік берді.



















bottom of page