top of page
Search

Қазақстандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Алматыда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева ғылыми қоғамдастыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті Күнсұлу Закарияны таныстырды. Бұл қызметке Күнсұлу Дальтонқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен тағайындалды.


Іс-шараға ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысында берілген соңғы тапсырмалары аясында қазақстандық ғылымды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.


«Көптеген бағыттар бойынша министрлік тиісті жұмысты бастады. Ал белгіленген жоспарларды сәтті жүзеге асыру үшін біздің бүкіл ғылыми қоғамдастықтың белсенді қатысуы қажет», - деп атап өтті Аида Ғалымқызы.

Сондай-ақ, жиында соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 3 есеге артып, жекеменшік бірлескен қаржыландыру түрінде 6,9 миллиард теңгеден астам қаражат тартылғаны айтылды. Ал коммерцияландыру жобалары нәтижесінде инновациялық өнімді өткізуден түскен кіріс 22,6 млрд теңгені құрады.



bottom of page