top of page

ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты

45 minutes ago
1 min read

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Farabi International Business School докторанттары мен магистранттары Toyota Engineering Corporation компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған оқу-тәжірибелік бағдарламаға қатысты. Шара Жапонияның Нагоя қаласында өтті.


ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты

Бағдарлама Kaizen философиясына, Toyota өндірістік жүйесіне (Toyota Production System), операциялық тиімділік пен өндірісті басқару тәсілдеріне арналды. Сабақты Toyota жүйесінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар жапон сарапшылары, оның ішінде жоғары буын басшылары жүргізді. Тыңдаушылар сапаны басқару, өндірістік үдерістерді үздіксіз жетілдіру және тиімді басқарушылық шешім қабылдау тәсілдерімен танысты.


ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты

Делегация AVEX Inc. компаниясының Tado зауытына және Toyota өнеркәсіп және технологиялар мемориалдық музейіне барып, өндірісті ұйымдастыру, технологиялық жаңғыру және басқару мәдениетінің ерекшеліктерін зерделеді. Бағдарламаның маңызды бөлігі Kaishi Innovation University өкілдерімен кездесуге арналды. Шара қорытындысында бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдардың сегізден астам бағыты айқындалды.


ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты

Тараптар жапон университеті өкілдерінің қазан және желтоқсан айларында Қазақстанға келуі жөнінде келісіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Kaizen Laboratory зертханасын құру мәселесін талқылады.


Сонымен қатар Kaizen, жасанды интеллект, цифрлық трансформация және басқару салаларында ортақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Тараптар автомобиль өнеркәсібі, Жапонияның Азия, Еуропа және Орталық Азия елдерімен іскерлік байланыстары тақырыптарына арналған халықаралық форум өткізу жөнінде де пікір алысты.


ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты

Нагоядағы бағдарлама Farabi International Business School үшін жапондық білім мен өндірістік тәжірибені тікелей зерделеп, оны ғылыми-білім беру үдерісіне енгізуге жол ашты. Ал Kaishi Innovation University және Toyota Engineering Corporation компаниясымен жасалған уағдаластықтар осы бағыттағы жаңа жобаларға негіз болады. Алдағы кезеңде назар заманауи басқару, Kaizen, жасанды интеллект және цифрлық трансформация салаларындағы зерттеулерге, сондай-ақ осы бағыттар бойынша мамандар даярлауға аударылады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page