top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert
Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


ҚазҰУ ректоры ТМД ғалымдарының форумында баяндама жасады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумында баяндама жасады. Биыл «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым: ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған шара ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.


ҚазҰУ студенттері АҚШ сарапшысынан дәріс алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көшбасшылық пен коммуникация саласындағы халықаралық сарапшы, әлемге танымал Wharton School және Columbia Business School білім беру бағдарламаларының оқытушысы Дебора Грейсон Ригельмен интерактивті кездесу өтті.
Жүздесу ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың шақыруымен ұйымдастырылды.


Трансшекаралық диалог: ҚазҰУ-дың шетелдік филиалдары және Алматыдағы әлемдік ғылыми алпауыттар
Заманауи зерттеу университетін кең халықаралық академиялық желісіз елестету мүмкін емес. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуының стратегиялық бағыттарының бірі халықаралық білім беру және ғылыми алаңдарды қалыптастыру болды. Университет 7 мыңнан астам шетелдік студентті оқытумен және Алматыда қуатты халықаралық орталықтарды дамытумен қатар, жинақталған бай білім беру және ғылыми тәжірибесін экспорттай отырып, Қазақстаннан тыс жерлерде де өзінің академиялық қатысуын кеңейт


ҚазҰУ-да «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті екі қытайлық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Замануи білім беру» журналы ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Университет базасында «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады. Жоба ҚазҰУ мен Henan Wonjoy Supply Chain Management Co., Ltd. компаниясының бірлескен инвестициясы негізінде жүзеге асады. Агробиостанцияда өсімдіктерді клональды


ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми дипломатия орталығы ашылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ICESCO – Әл-Фараби» ғылыми дипломатия орталығы құрылады. Жаңа халықаралық құрылымды ашу туралы өзара ынтымақтастық меморандумына ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Самғат Ермекбаев пен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ICESCO) бас директоры Салим М. Аль-Малик қол қойды.


ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Farabi International Business School докторанттары мен магистранттары Toyota Engineering Corporation компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған оқу-тәжірибелік бағдарламаға қатысты. Шара Жапонияның Нагоя қаласында өтті. Бағдарлама Kaizen философиясына, Toyota өндірістік жүйесіне (Toyota Production System), операциялық тиімділік пен өндірісті басқару тәсілдеріне арналды. Сабақты Toyota жүйесінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар жапон сарапшылары, оның іш


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 8 мыңнан астам адам оқуға түсті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Білім күніне және 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Жаңа оқу жылында оқу орны құрамына 8117 білім алушы қосылды. Биыл университет бакалавриатына 6236 студент қабылданды. Олардың қатарын 674 «Алтын белгі» иегері мен республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған 46 спортшы толықтырды. Сондай-ақ мемлекеттік грант иеленген 84 студент ҰБТ-дан 130-дан жоғары балл жинап, бұл көрсеткіш


ҚазҰУ-да жасанды интеллект саласындағы халықаралық симпозиум өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытай-Қазақстан интеллектуалды есептеу және жасанды интеллект инновациялары» тақырыбында халықаралық симпозиум ұйымдастырылды. ҚазҰУ мен Қытай компьютер федерациясының (CCF) бірлесуімен өткен ауқымды шараға отандық және шетелдік ғылыми қауымдастық өкілдері, IT-мамандар мен халықаралық сарапшылар қатысты. Симпозиумның ашылуында сөз алған ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев бұл жиынның Мемлекет басшысы Қасым-Ж


ҚазҰУ-да UNICEF Zhastary хабы құрылады
Алматыда «Almaty Youth Forum 2026: Орталық Азия тұрақты даму жолында» тақырыбындағы халықаралық жастар форумы өтті. Іс-шараны Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) және Алматы волонтерлерінің фронт-офисі бірлесіп ұйымдастыруда. Екікүндік форумның бағдарламасы климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылдан бастап, цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллектіні қолдануға дейінгі алты негізгі тақырыптық бағытты қамтиды. Жиынға қала әкімдігінің, мемлекеттік орга


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ми институты мен Quantum AI орталығында Саясат Нұрбек болды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен және жаңадан іске қосылған орталықтардың қызметімен танысты. Шара барысында ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев министрге университет ғалымдарының соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктері мен инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынды. Ведомство басшысы Орталық Азиядағы алғашқы мамандандырылған ғылым


ҚазҰУ халықаралық ұйыммен келіссөз жүргізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев Cintana Education халықаралық білім беру ұйымының президенті Р.Ф. Рик Шангроумен кездесті. Cintana Education – АҚШ-тың Темпе қаласында орналасқан бүкіл әлем бойынша университеттермен стратегиялық серіктестікті дамытуға маманданған халықаралық білім беру ұйымы. Тараптар оқыту сапасын әлемдік стандарттарға сай жетілдіру, академиялық бағдарламаларды жаңғырту және жаһандық білім беру ке


Білім саласының басшылары ҚазҰУ филиалын аралады
Омбы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына Омбы облысының ғылым, жоғары білім және ғылыми-технологиялық даму министрі Александр Кольцов, ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Абаев, Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Иван Кротт, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев арнайы барды. Филиал 2024 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Пр


ҚазҰУ «Цифрлық және зияткерлік шеберхананың» ІІ кезеңін іске асырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Jiangsu Huibo Robotics Technology» компаниясымен келісім жасады. Қазақстан-Қытай жоғары технологиялық компанияларының отырысында университет ректоры Жансейіт Түймебаев пен қытайлық компания басшылығы ресми құжатқа қол қойды. Меморандум бұған дейін құрылып, жұмыс істеп тұрған «Цифрлық және зияткерлік шеберхананың» бірінші кезеңінің нәтижесіне


ҚазҰУ-дың 24 ғалымы Қазақстанның Топ-50 үздік оқытушысы қатарына енді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 24 ғалымы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының Топ-50 бас рейтингіне енді. Рейтинг Қазақстан жоғары оқу орындарының сұранысқа ие болу деңгейінің тәуелсіз бағалауы негізінде жарияланды. Бұл нәтиже ҚазҰУ-дың еліміздегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі екенін тағы да дәлелдеді. Университет өкілдері рейтингке енген қатысушылардың жартысына жуығын құрап, қазақстандық жоғары оқу оры


ҚазҰУ-да Қытаймен бірлескен биоконверсия зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ – XUST биоконверсия бойынша бірлескен зертханасының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сиань ғылым және технологиялар университетімен (Xi’an University of Science and Technology) серіктестік аясында құрылған жаңа ғылыми орталық университеттің биология және биотехнология факультеті базасында жұмыс істейді. Шара барысында сөз сөйлеген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы - ректор Жансейіт Түймебаев бұл жобаның университет


ҚазҰУ мен «Самғау» қоры меморандумға қол қойды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісімге ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың «Самғау» қорының басқарма төрағасы Төлеген Орашевпен ресми кездесуі барысында қол жеткізілді. Құжат негізінде тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырып, инновациялық әзірлемелерді коммерцияландыру бағытында ортақ жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар университет базасындағы ғыл


ҚазҰУ ғалымдары шетелде жобаларын дамытады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Федералдық зерттеулер, технологиялар және ғарыш министрлігінің Орталық Азиядағы ғылыми ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Патриция Романовски мен Мартина Лютер Халле-Виттенберг университетінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Петер Либельтті қабылдады. Кездесу барысында білім мен ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейту жолдары қаралды. Оның ішінде бірлескен ғылыми зерттеу


ҚазҰУ-да Қытай компьютерлік федерациясының филиалы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай компьютерлік федерациясының (CCF) Алматы филиалының салтанатты ашылуы өтті. Жиында ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов жобаның маңызына тоқталды. Оның айтуынша, университеттің 100-ден астам оқытушысы мен ғалымы қазірдің өзінде CCF мүшесі атанып үлгерген. Бұл әріптестік отандық мамандардың халықаралық тәжірибе алмасуына және озық технологияларды меңгеруіне кең жол ашады. ҚазҰУ-дың ақп


Студенттік бастама және инклюзия: ҚазҰУ-дегі турнир
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылды. Шарада балалар мен ересектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері бас қосты. Мұндай ауқымды формат қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге бағытталған. Жоба ҚазҰУ инклюзивті ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қ


ҚазҰУ-да Сутегі технологиялары инновациялық орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэннің Қазақстанға ресми сапары аясында маңызды шара өтті. Университет базасында еліміздің энергетика саласы үшін стратегиялық маңызы бар Сутегі технологиялары инновациялық орталығының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Астана мен Алматы қалаларын байланыстырған телекөпірге ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Шанхай мэрі Гун Чжэн және екі елдің ресми делегация өк
bottom of page

