top of page

ҚазҰУ-да халықаралық ғылыми дипломатия орталығы ашылады

1 hour ago
1 min read

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ICESCO – Әл-Фараби» ғылыми дипломатия орталығы құрылады. Жаңа халықаралық құрылымды ашу туралы өзара ынтымақтастық меморандумына ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Самғат Ермекбаев пен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ICESCO) бас директоры Салим М. Аль-Малик қол қойды.


В КазНУ им. аль-Фараби откроется международный центр научной дипломатии

Стратегиялық келісімге сәйкес, орталық дипломаттардың жаңа буынын даярлап, халықаралық деңгейдегі ғылыми бағдарламалар, жобалар мен ауқымды форумдарды жүзеге асырады.


Бұл орталық Африка, Азия және араб әлемін байланыстыратын білім мен тәжірибе алмасудың үшжақты платформасына айналмақ.


Сондай-ақ мекеме ғылыми дипломатия саласындағы саясатты әзірлеу бойынша ICESCO-ға, ұйымға мүше мемлекеттерге және олардың ұлттық комиссияларына сараптамалық кеңес береді.


Халықаралық орталыққа ICESCO мен ҚазҰУ өкілдерінен құралған бірлескен басқару комитеті жетекшілік етеді, ал оған көрнекті ғалымдардан тұратын халықаралық консультативтік кеңес қолдау көрсетеді.


Өз кезегінде ICESCO ұйымы орталыққа техникалық және сараптамалық қолдау білдіріп, мүше мемлекеттер желісі аясындағы серіктестікке жәрдемдеседі.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page