top of page

ҚазҰУ-да «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады

2 hours ago
1 min read

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайдың екі компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқу ордасының базасында «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады. Жоба ҚазҰУ мен Henan Wonjoy Supply Chain Management Co., Ltd. компаниясының бірлескен инвестициясы негізінде жүзеге асады. Агробиостанцияда өсімдіктерді клондық микроөсіру зертханасы және тәжірибелік өндіріс алаңдары жұмыс істейді.


ҚазҰУ-да «Smart жылыжай» агробиостанциясы құрылады

Ақылды жылыжайда суару, қоректендіру және микроклиматты автоматты басқару технологиялары сынақтан өткізіледі. Мұнда қызанақ, қияр, бұрыш және жасыл дақылдарды өсірудің тиімді тәсілдері зерттелмек. Университет базасында ашылатын клондау зертханасында өсімдіктерді «in vitro» әдісімен көбейту технологиясы қолданылады. Алынған көшеттер жылыжай жағдайында бейімделіп, кейін зерттеу нәтижелері өндірісте сынақтан өткізіледі.

Агробиостанция сонымен қатар биология, биотехнология және өсімдік шаруашылығы бағытындағы магистранттар мен докторанттар үшін тәжірибелік базаға айналады. Білім алушылар ғылыми зерттеулерге қатысып, заманауи жылыжай технологиялары мен өсімдіктерді клондық микроөсіру әдістерін меңгереді.

Жоба аясында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға да басымдық берілмек. Болашақта агробиостанцияда өндірілген көшеттер мен жылыжай өнімдерін нарыққа шығару, сондай-ақ сынақтан өткен технологияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына енгізу жоспарланып отыр.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page