Қозыбаев университеті мен «КазахМедИмпорт» ЖШС кадр даярлау және түлектерді жұмыспен қамту саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
- Редакция "СО"

- 7 hours ago
- 1 min read
Университеттер экономиканың сұранысына сай кадрлар даярлау мақсатында кәсіпорындармен өзара ынтымақтастықты нығайтып келеді. Осы бағыттағы жұмыс аясында басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев бастаған Қозыбаев университетінің делегациясы «КазахМедИмпорт» ЖШС-де болды.

Сапар барысында кәсіпорын басшысы Сергей Рябчинский университет өкілдерін зауыттың өндірістік жабдықтарымен таныстырып, серіктестікті одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.
«КазахМедИмпорт» ЖШС медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі және өндіріс салаларына арналған өнімдерді шығарады. Компания өнімдері Қазақстанның ішкі нарығымен қатар, шетелге де экспортталады.
Кездесу барысында университет өкілдері өндірістік үдерістермен танысып, өндірісті ұйымдастыру мен сапаны бақылаудың жоғары деңгейіне назар аударды. Әсіресе кәсіпорын ұжымының қатарында Қозыбаев университетінің түлектері де бар.
Бүгінде мұнда 90-нан астам қызметкер жұмыс істейді.
Ректор Ербол Исақаев атап өткендей, университет өңірдің тұрақты дамуына қажетті кадрларды сапалы даярлауға және кәсіпорындардың сұранысына жедел жауап беруге дайын.
Қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында тараптар кәсіпорын үшін мамандар даярлау, студенттерді жұмысқа орналастыру, ақылы өндірістік тәжірибеден өткізу, дуальды білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ компания қызметкерлерінің бакалавриат, магистратура және индустриялық докторантура бағдарламалары бойынша өндірістен қол үзбей білім алуына жағдай жасау бағыттарында бірлесіп жұмыс істейді.
Университет ұжымы «КазахМедИмпорт» ЖШС басшылығына өзара тиімді серіктестікті дамытуға ұмтылысы мен өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.



Comments