top of page

Қозыбаев университеті қазақстанның оңтүстігіндегі жастарды қолдайды

Қозыбаев университеті Қазақстанның оңтүстігінде 10 мыңнан астам оқушы үшін ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді. Білім ордамыздың командасы Қызылорда және Түркістан облыстарындағы 25 елді-мекенді, оның ішінде Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалалары мен ауылдарын аралады.

 

Команда Kozybayev University проводит профориентацию для молодежи юга Казахстана

Мектептер мен колледждердің түлектері ЖОО-ға түсу, жатақханаларда тұру шарттары туралы толық ақпарат алды. Университеттегі екі заманауи Студенттер үйі шет аймақтардан келетін білім алушыларды жатақханамен 100% қамтамасыз етеді. Кампус жаңа оқу-зертханалық корпуспен, заманауи коворкинг-орталықтармен және сапалы білім алу үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтылған.


Команда Kozybayev University проводит профориентацию для молодежи юга Казахстана

Талапкерлер мен олардың ата-аналары «Серпін» бағдарламасы бойынша Петропавлға көшу,  орналасу және бейімделу мәселелері бойынша кеңес алды. Қазір таңда оқу ордамызда осы бағыт бойынша 150-ден астам адам білім алады. 2024 жылы ЖОО базасында Serpin Qoldau өңірлік жобалау кеңсесі құрылды. Мұнда тренингтер, тілдік курстар, психологиялық бейімдеу бағдарламалары жүргізіледі. 3 және 4 курс студенттері дуальды оқытуға жіберіледі. Жеке еңбек шарты жасалғанға дейін оларға қосымша қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, СҚО-ның ең ірі жұмыс берушілерімен меморандумдар жасалды.Бүгінде университет бағдарлама түлектеріне жатақханада уақытша баспана береді.

 

Оқушылармен кездесулер барысында Аризона университетімен басқарудағы ақпараттық жүйелер, биотехнология, инклюзивті білім беру, бизнес және менеджмент бағыттары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылды.

 

Команда Kozybayev University проводит профориентацию для молодежи юга Казахстана

Бұл кәсіптік бағдар беру жұмысы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің жастары үшін сапалы жоғары білім алып, халықаралық деңгейде кәсіби даму мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page