ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаевтың студенттердің шәкіртақысына салынатын салық туралы түсіндірмесі
- Редакция "СО"
- 2 hours ago
- 1 min read
Қазір Қазақстанда білім алып жүрген студенттерге төленетін шәкіртақыларға салық салынбайды. Бұл – университеттерде оқитын барлық студенттердің стипендиялары, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу мен тағылымдамадан өтуге берілетін төлемдер, сондай-ақ мемлекеттік грантпен оқитындардың жолақысы сияқты төлемдерге қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ал шетелдегі оқу орындарында оқып жүрген студенттердің гранттары мен стипендиялары әзірге осы ережеге кірмейді. Сондықтан, шетелден табыс тапқан Қазақстан азаматтары өз табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруы керек. Егер шетелдегі банктік шотта 2024 жылдың соңында 3 млн 692 теңгеден көп қаражат болса, ол туралы да декларацияда көрсету қажет.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес шетелде оқитын студенттердің гранттары мен стипендиялары да салықтан босатылады.
Comments