ҚР Ғылым және жоғары білім министріне Ұлыбритания кеңесінің марапаты табысталды
- Редакция "СО"

- 7 hours ago
- 1 min read
Астанада өткен Халықаралық стратегиялық серіктестер форумының аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Plaque of Appreciation – Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен British Council атынан берілген марапат табысталды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл марапат Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі мен көшбасшылық қабілетін, трансұлттық білім беруді ілгерілетудегі еңбегі мен сапаны қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын, сондай-ақ Қазақстанды өңірлік академиялық ынтымақтастық пен үздік тәжірибе орталығы ретінде танытудағы еңбегін жоғары бағалау белгісі ретінде табысталды.
Қабылдау барысында марапатты Министрге Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Салли Аксуорти мен British Council ұйымының Қазақстандағы директоры Роберт Тейлор табыстады.



Comments