top of page
Search

Үйірме жұмыстарында оқушыларды техникалық дизайнге және қолданбалы өнерге баулу

СМАҒҰЛ Жетпіс Әбдіғалиұлы,

көркем еңбек мұғалімі, педагог-зерттеуші, 

Астана қаласы, № 64 мектеп-лицейі



Жаңарған жаңа Қазақстанның негізгі басымдылықтарының бірі білім болып отыр. Білім-ғылымның іргетасы және мемелекет дамуының арқауы ретінде бағалануда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Қазақстан халқына жолдауында «Орта білім сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағыдай жасалуға тиіс» деп атап көрсетті.

Жаңарған жаңа Қазақстанның дамуының басты алғы шарты ,қоғам мүшелерінің білім деңгейіне тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай «Өнерпаз болсаң арқалан ,сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тауып бар қалан» дегендей.Мектеп түлектерінің өмірде өз орын тауып, мамандық иесі болуына, осы бағдарламамен жұмыс істеудің орны ерекше.

Сондықтан мектеп ұстаздарының алдында, жаһандану заманында интеллектуалды ұлт қалыптастыруға үлес қосу міндетті тұр деп білемін.



Мектепте оқушыларды қосымша үйірме жұмыстарына тару арқылы, оларға шығармашылық, зертеушілік жобалар жасату барысында, білім мен біліктілігі, зертеушілік қабілеттері артады. Нәтижесінде жас ұрпақтың жан-жақты, интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасып дамуына әсер етеді. Келешекте өзінің кәсіби бағдарын анықтауға мүмкіндік беріп, кәсіби құзіреттілігін дамытады.

Бұл жинақта мұғалімнің іс-тәжрибелерінен өткен ғылыми-шығармашылық жобалары, үйірме жұмыстарының жоспары сабақ үлгілері мен оқушылар орындаған жобалық жұмыс түрлері берілген. Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Мектепте оқушыларды үйірме жұмысына тарту мақсатында 5-7 сыныптарға «Қолданбалы өнер» және 8-11 сыныптарға «Техникалық дизайн» үйірмесі аптасына 2 сағаттан жүргізіледі. Үйірменің мақсаты – оқушыларды көркем еңбек пәні бойынша қосымша үйірме жұмыстарына қатыстыру, тарту. Оларды қолданбалы өнер және әртүрлі техника модельдерінің, макеттердің түрлерін жасаумен таныстыра отырып, ой-өрісін кеңейту өнерге деген қызығушылығын арттыру және әр оқушының өзіне тән икемділігін, қабілеттерін анықтау, көркем-эстетикалық біліктілігін, техникалық, шығармашылық ойларын дамыту.



Бағдарлама жасауда Х. Арғынбаев. «Қазақ халқының қол өнері», Ә. Марғұлан. «Қазақ халқының қолданбалы өнері», « Қазақ халқынының ою-өрнектері», А. С. Щипаков. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге», «Балаларға арналган техника» атты кітаптарды, көркем еңбек оқулығын пайдаландым. Сонымен қатар өзімнің жеке жинақтаған, сараптамадан өткізген материалдарды басшылыққа алып қолдандым.

Үйірме жұмысы барысында оқушылардың алдына мынандай міндеттер қойылады:

1. Техникалық дизайн бойынша бұйымдарды, модельдерді, макеттерді жасауды меңгерту;

2. Қолданбалы өнер бұйымдарын жасауды меңгеру;

3. Көркемдік эстетикалық биіктілігін дамыту;

4. Шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

5. Ақпарат жүйесін пайдаланып іздеуге баулу

6. Бұйым жасай отырып кәсіп түрлерінен хабардар ету.

Мектептегі техникалық дизайн және қолданбалы өнер үйірмесі ,жас ұрпақты тәрбиелеуде және білім мен біліктілігін қалымптастыруда үлкен роль атқарады. Осындай тұрғыда жұмыс жасау педагогикалық идеяның өзектілігі болып табылады.

Үйірме жұмысының жаңалығы оқушылар осы саладағы халықтың ұлттық дәстүрін, заманауи техника жетістіктерін зерделеуге және өздерінің кәсіби бағдарын таңдауға мүмкіндік алады

Оқушылар үйірме сабағы барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізуге тиіс.

Техникалық дизайн бойынша:

1. Оқушының қауіпсіздік ережелеріме білу;

2. Автокөлік түрлерін модельдеу;

3. Әскери бронды техникалар моделін жасау;

4. Әскери ұшақ техникалары моделін жасау;

5.Сәулет-құрылыс макеттерін жасау;

6. Планер жасау.

Қолданбалы өнер бойынша:

1. Оқушылар қауіпсіздік ережесін , қолданбалы өнердің тарихын білу.

2. Бейнелеу өнерінен графикалық жұмыстар орындай білу.

3. Металды көркемдеп өңдеу әдістерімен жұмыс істей білу.

4. Электркүйдіргіш аспаптарымен күйдіріп суреттер салу.

5. Мүсін өнері бойынша өрнек үлгілерін жапсырмалап, мүсін жасау.

6. Техникалық дизайннен , техника үлгілерін құрастыру.

7. Табиғи материалдардан жұмыстар орындау.

8. Теріні ұқсату технологиясымен танысып бұйымдар жасау.

9. Мүйізді өңдеп сыйкәде бұйым жасай білу.

10. Шығармашылық жобаны орындау.

Бұл құрастырылып жазылған бағдарлама мұғалімнің көп жылғы жинақталған материалдары мен іс-тәжірбиесі негізінде жазылып мектеп мұғалімдеріне ұсынылып

отыр.



Бұл жинаққа ұсынылған материалдар мен тапсырмалар,зерттеліп електен өткізіліп оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген. Бағдарлама соңында қосымшада мұғалімнің және оқушылырдың жобалық жұмыс жасауға арналған жұмыс үлгілері, слайдтары ұсынылған.

Осы бағдарламаның мектеп оқушыларына тигізер көмегі мен берері мол. Үйірме жұмысына арналған бағдарлама мұғалімнің жеке жұмыс тәжірбиесі негізінде құрылған. Мектептерге үйірме жұмыстарына әдістемелік көмек ретінде ұсынуға болады.

 

Библиография

1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. А.: Алматы баспасы, 1974;

Көркем еңбек оқулығы. А.: Келешек 2030, 2018.

2. Балаларға арналган техника. М.: РОСМЕН, 2006.

3. Марғұлан Ә. Қазақ халқының қолданбалы өнері. А.: Алматы баспасы, 1986.

4. Щипанов А. С. Әуесқой жас суретшілер мүсіншілер. А.: Мектеп, 1980.  

 

АННОТАЦИЯ

В статье рассказывается о программе привлечения учеников к групповой деятельности на уроке, способствующей формированию высокоответственной, нравственной, патриотичной личности, обладающей навыками коммуникации и гибкости в общении.

 


bottom of page