top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Қазақстанда 25 млн теңге жүлде қоры бар alem.ai battle байқауы басталды
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында елімізде ұлттық alem.ai battle байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі AI-таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымды бастама. Байқаудың финалдық кезеңі Астанада орналасқан alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтеді. Аlem.ai battle оқушыларды, студенттерді, стартап-командаларды және зерттеушілерді бір алаңға тоғыстырып, AI-жобалардың прототиптен бастап толыққанды техно


Құқық және тәжірибе: Жетісу университеті студенттерінің онлайн сотқа қатысуы
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен әкімшілік сот процесіне онлайн қатысты. Ашық сот отырысының негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық тәртіп пен заңның үстемдігін насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру сондай-ақ Құқық және экономика факультеті студенттерінің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру. С


Пәкістанда Әл-Фараби орталығы ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифтың қатысуымен Исламабад қаласындағы Каид-и Азам университетінде Әл-Фараби орталығы ашылды. Әл-Фараби орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде іске қосылып отыр. Ғимарат оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сонымен бірге заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен, жиһазбен қамтылған. Орталық базасында қазақ тілі к


Азаматтық авиация академиясы: ҚХР-мен халықаралық серіктестік
Азаматтық авиация академиясында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының өкілдерімен – ҚХР Бас консулдығының консулы Лю Юйхуэй және білім беру мәселелері жөніндегі консул Хуан Леймен ресми кездесу өтті. Аталған сапар Академияның жаңа халықаралық жобасы - «Aviation Diplomacy: Navigation of Partnerships» аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба академиялық дипломатияны дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және жетекші шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтармен ұ


Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді
Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке 6 ақпан күні өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жәрмеңкені Астананың Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Еңбек мобильділігі орталығы және Сарыарқа ауданының әкімдігі бірлесе ұйымдастырады.Жұмыс іздеушілерге арналған іс-шара 6 ақпанда сағат 11:00-де «Тұран Астана» университетінде өтеді. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтар, білім беру ұйымдарының


Экологиялық ағарту мен табиғатты қорғау қағидаттары жаңа Конституция жобасында нақты бекітілген
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Оқу-ағарту министрлігі экологиялық тақырыпты білім беру үдерісіне тереңдете интеграциялауға бағытталған экологиялық білім беру стандартын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді , «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Оқу-ағарту министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында кешенді әрі жүйелі жұмысты ж


Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосуды жоспарлауда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, Үндістан Республикасының әріптестерімен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында қазақстандық делегация сот сараптамасы, криминалистика, цифрлық сараптам


Алматы экономикасының болашағы колледждерде құрылады
Алматы қаласында Аймақтық коммуникациялар қызметінің базасында өткен брифинг аймақтың тұрақты дамуындағы және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы техникалық және кәсіптік білім берудің (ТжКБ) рөліне арналды. Брифингте Алматы қаласы Білім беру басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Ерік Әбішаев қаладағы жүйенің даму деректерін ұсынды. Ол: «Техникалық және кәсіптік білім беру — қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін және жастардың кәсіби әлеуетін қалыптасты


Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының құрамына енді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Британ-Қазақстан қоғамының мүшелігіне ресми түрде қабылданды , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл іс-шара Ұлыбританияның Лордтар палатасында өткен арнайы рәсім аясында жүзеге асты. Шара министрдің қоғам қызметін дамытуға және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін мойындау болып саналады. Сертификатты


Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті
Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат пен оқыту әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – өңір дамуының интеллектуалдық тірегі
Жоғары білім беру жүйесі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруын қамтамасыз ететін институционалдық негіз. Университеттер біртұтас кешен ретінде кадр даярлау қызметімен ғана шектелмей, жаңа білім өндіру, ғылыми нәтижені экономика мен әлеуметтік тәжірибеге енгізу, сондай-ақ азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру міндеттерін атқарады. Осы тұрғыдан алғанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті өңірдің адам капиталына, ғылыми-инновациялық әлеуетіне және әл


Португалиядан Петропавлға: профессор Дентиньо Kozybayev University студенттеріне сабақ береді
Kozybayev University-де бір ай көлемінде жұмыс сапарымен экономика және өңірлік даму саласындағы белгілі ғалым, Азор аралдары университетінің (Португалия) өкілі, профессоры Томаш Понси Дентиньо, ҚР ҒЖБМ қолдауымен іске асырылатын шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында келіп отыр. Сапар барысында профессор Томаш Понси Дентиньо «Экономика, есеп және қаржы» кафедрасының білім алушыларына арналған дәрістер мен практикалық сабақтар топтамасын, сондай-ақ ғылыми-әдістемел


Премьер-министр Ұлттық ғылым академиясының ғылымды дамытуға бағытталған жүйелі ұсыныстарын қолдады
2026 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлы Бектеновтің төрағалығымен ғылымды дамыту және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми әлеуетін ел экономикасының түрлі салалары мен өңірлерін дамытуға тиімді тарту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңесте негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев жасады. Ұлттық ғыл


Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіледі
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда, жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық


Қазақстанда бидай селекциясының тұрақты дамуы
Бидайды жаһандық жеткізудегі соңғы іркілістер оның дамушы және аз дамыған елдер халқының көпшілігі үшін қоректік заттардың негізгі көздерінің бірі екенін, сондай-ақ дамыған мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын анық көрсетті. Геосаяси тұрақсыздықтан басқа, климаттың жылдам өзгеруі бүкіл әлемде бидай өсіру мен өндірудің тұрақтылығына үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Қазақстанды қоса алғанда, әлемдік өндірушілер бидай селекциясы


Конституциялық өзгерістердің мемлекеттің тұрақтылығы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы
31 қаңтар 2026 жылы еліміздің саяси құқықтық бағытында жаңа серпіліс болды, конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Еліміздің негізгі заңының жаңа нұсқасы сарапшылар мен мамандардың ұзақ талқылауынан өткен, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардын түскен ұсыныстарының негізінде әзірленіп халыққа ұсынылып отыр. Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің өмірі үшін аса маңызды құжаттын дәл қаіргі уақытта жаңарты
bottom of page



