top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Қазақстанда алғаш рет OpenAI компаниясының қатысуымен әлемдегі ең ірі «HackAlem AI» жасанды интеллект хакатоны өтеді
23 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен өзге елдерден мыңдаған әзірлеушінің, студенттің, жас маман мен IT-энтузиастың басын қосатын әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі — HackAlem AI өтеді. Хакатонның ресми серіктесі — OpenAI. HackAlem AI қатысушылары жеке AI-шешімдерін әзірлеп, іске қосу үшін жалпы құны 1 миллион долларға дейінгі OpenAI технологиялық ресурстарын пайдалана алады. Жеңімпаздарға қосымша 100 мың доллар көлеміндегі OpenAI API-токендері табысталады, ал хакатонның жа


Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың белсенді өкілдерімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың белсенді өкілдерімен кездесті. Кездесуде балалардың қоғамдық өмірге қатысуы, оқушы үнін есту, мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту және балалар бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Қазақстан оқушылар Альянсын» құру жөніндегі бастамасын таныстырды. Олардың айтуынша, жаңа алаң мектеп парламенттерінің жұмысын үйлестіруге, оқушылардың бастамаларын қолдауға және олардың пікірін мектептен бастап республикалық дең


ҚАТЗУ мен ICESCO: ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастық
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Kazakhstan Space Days Astana 2026» халықаралық форумы аясында ICESCO делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара ғарыштық технологиялар, ғылым, білім беру және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларына арналды. Университет атынан Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор Сәрсенбай Абдрахманов құттықтау сөз сөйледі. Ол ғарыштық технологиялардың бүгінде білім беру, ғылым, инженерия және халы


Абай университетінде жаңа Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
Абай университетінде жаңа Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің ресми ашылу салтанаты өтті. Заманауи технологиялардың заманы дәуірлеген уақытта құрылған факультет жаңа буын педагогтарын даярлауды мақсат етеді. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты қасиетті қара шаңырақта түрлі игі бастамалар қолға алынды. Негізгі идея – жаңа заман талабы қойып отырға


Study in Kazakhstan: ҚарИУ-да 70-тен астам шетелдік студент білім алады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі іске асыратын «Study in Kazakhstan» жобасы аясында шетел азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу және білім алу шарттары туралы ақпарат беріледі. 2026-2027 оқу жылында Қарағанды индустриялық университетінде жоба аясында оқуға түскен 70-тен астам шетелдік студент білім алады. Олар Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Йемен, Кения, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары. Шетел азаматт


Алматыда Қазақстан мен Францияның мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жаңа жобалар таныстырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға арналған бірқатар іс-шара өтті. Кітапханада көпшілік үшін Франция кітап бұрышы ашылды. Мұнда елдің тарихы мен мәдениеті туралы басылымдар, француз классиктері мен қазіргі авторлардың шығармалары, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер қойылған. Жаңа кітап бұрышы оқырманның француз әдебиеті мен мәдениетін жақынырақ білуге мүмкіндік береді.


ҚазҰУ бизнес-мектебі жапондық әріптестермен байланысты нығайтты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Farabi International Business School докторанттары мен магистранттары Toyota Engineering Corporation компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған оқу-тәжірибелік бағдарламаға қатысты. Шара Жапонияның Нагоя қаласында өтті. Бағдарлама Kaizen философиясына, Toyota өндірістік жүйесіне (Toyota Production System), операциялық тиімділік пен өндірісті басқару тәсілдеріне арналды. Сабақты Toyota жүйесінде 30 жылдан астам тәжірибесі бар жапон сарапшылары, оның іш


Ауэзов атындағы ОҚЗУ-дың 100-ден астам студенті академиялық ұтқырлыққа қатысады
2026 жылғы 7 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушыларды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды «Современное образование» журналы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыс барысында республикалық бюджет қаражаты, университеттің бюджеттен тыс қаражаты және өз қаражаты есебінен шетелдік серіктес университеттерде оқудан ө


Саясат Нұрбек Чехия Елшісімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Бүгін Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Чех Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Павол Шепелякпен кездесті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесу барысында тараптар жоғары білім, ғылым және инновациялар салаларындағы Қазақстан-Чехия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Жоғары білікті кадрлар даярлау, б


AI-Sana: Ғылым министрлігі мен Halyk Bank студенттердің ЖИ-құзыреттерін дамытуға күш біріктіреді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға, білім беру бастамаларын қолдауға, сондай-ақ студенттер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – студенттердің жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы


Жұлдыз Сүлейменова PISA-2025 зерттеуінде жоғары және тұрақты нәтиже көрсеткен өңірлерді атап өтті
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен PISA-2025 халықаралық зерттеуінің өңірлер бөлінісіндегі нәтижелері қаралды. Министр зерттеудің негізгі бағыттары бойынша жоғары нәтиже көрсеткен өңірлерді атап өтті. Астана мен Солтүстік Қазақстан облысы жаратылыстану, математика және оқу сауаттылығы бойынша барлық үш бағытта да үздік үштікке еніп, жоғары және тұрақты нәтиже көрсетті. Жаратылыста


Оқу-ағарту министрлігінде жаңа тағайындаулар
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бұйрығымен Фариза Сансызбайқызы Дүйсенбаева Заң департаментінің, ал Жанат Карекенұлы Игисинов Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Фариза Дүйсенбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Челябинск мемлекеттік уни


Креативті индустрияларды дамыту қоры Creative Shift акселерациялық бағдарламасын бастайды
Креативті индустрияларды дамыту қоры креативті индустрия және технология саласында өз жобаларын дамытып жүрген кәсіпкерлерге, креаторлар мен шығармашылық топтарған арналған Creative Shift акселерациялық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 21 қыркүйек күні Алматыда, 5 қазанда Шымкентте, 19 қазанда Астанада өңірлік буткемптер барысында өтеді. Іріктеуден өткен үздік қатысушылар Астанада болатын жеті күндік офлайн менторлық сессияда жұмысын жал


Қазақстандықтарға Ресей мен Түркияның әскери жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік бар
Жас қазақстандықтар ҰҚК Шекара академиясы мен еліміздегі басқа да әскери жоғары оқу орнында ғана емес, Ресей мен Түркияның оқу орнында да әскери білім ала алады. Ол үшін болашақ курсанттар медициналық куәландырудан, психологиялық тестілеуден, дене дайындығы мен кәсіби жарамдылығын тексеруден тұратын көп кезеңді іріктеуден өтуі тиіс. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы мен облыстағы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы басқармасы басты


Алматыда жаңа оқу жылына 12 мыңнан астам оқушы орны құрылды
Жаңа оқу жылына орай Алматыда 8 жаңа жалпы білім беретін мектеп және қолданыстағы мектептердің қосымша корпустары ашылды. Жалпы 12 065 жаңа оқушы орны құрылды. Бұл туралы қала Білім басқармасында хабарлады. Биыл Алматыда 32 922 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оның 30 046-сы мемлекеттік мектептерге, 2 876-сы жекеменшік мектептерге қабылданды. Қазіргі таңда Алматыда 362 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда шамамен 356 мың бала білім алуда. Өткен оқу жылымен


Bala Fest: Астанада 200-ге жуық бала спорт пен шығармашылықтан сынға түсті
Астанада 15 жасқа дейінгі балалардың басын қосқан Bala Fest фестивалі өтті. «Астана» саябағында ұйымдастырылған шарада 200-ге жуық жас қатысушы спорт, робототехника және шығармашылық бағыттар бойынша 11 түрлі сайыста бақ сынап, қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелері туралы пайдалы ақпарат алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жас қатысушылар VEX робототехникасы, робо-сумо және робофутбол бойынша шеберлік сабақтары мен сайыстарда бақ сынады. Сондай-ақ асық ату,


Сентябрьдегі ҚАЗТЕСТ-ке өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйекте қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан. Өтініш қабылдау мерзімі: 7 – 16 қыркүйек аралығында Тестілеу күні: 18 қыркүйек Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады: сайтта тіркеліңіз; «Өтініш беру» басыңыз; «Қа


Woosong University Kazakhstan: мамандар даярлауға сұраныс артып келеді
Түркістанда Woosong University Kazakhstan-ның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі өтті. Университет Қазақстанда екінші жыл қатарынан жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярлап келеді. Биыл Түркістан облысының әкімдігі университетке бөлген білім гранттарының саны екі есеге артып, 100-ден 200-ге жетті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хаба


Министрлік қызметкерлері ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды
Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табысталды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Салтанатты жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Әділетті Қазақстанды құруға қосқан үлесі, сондай-ақ жоғары білім мен ғылым саласындағы қажырлы еңбегі үшін азаматтарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан Респуб


Жұлдыз Сүлейменова білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады
Оқу-ағарту министрлігінде білім саласының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр Жұлдыз Сүлейменова сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, педагог мәртебесін арттыруға ерекше мән береді. Бүгін табысталған мемлекеттік және ведомстволық наградалар - сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге бе
bottom of page
