top of page
Search

Заманауи технологиялар –оқытушылардың жаңаша шығармашылық серпіліс механизмі

М. Қ. РАМАЗАНОВ,

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, арнайы пән оқытушысы

 

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі

XXI ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі.

Əр жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір-біріне жуық, мəндес болып келетіні бізге мəлім. Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі – білім сапасы.  Заманауи технологияның мүмкіншілігі күн санап артып келеді. Болашақтың айқын бағдары компьютерлік жүйені игеріп, кез-келген адам жұмыс жасауға қабілетті болуында жатыр. Кез-келген уақытта электронды қызметтің артықшылығын тиімді пайдалану тетігін жекелеген адамзатқа меңгерту басты талап.

Бұл технология адам өмірі үшін өте маңызды болды, бұл олардың өміріндегі әрбір әрекетті тезірек, жеңіл және тиімді етуге мүмкіндік берді.

Білім саласында цифрлық білімдік үздіксіз білім берудің барлық деңгейлерін қамти отырып, ТжКБ де болашақ мамандарды онлайн және аралас формада оқытуға мүмкіндік беріп отырған кеңістік. Сонымен қатар, болашақ мамандардың жаңа ғасырдағы қоғамға қажетті маңызды кәсіби-тұлғалық сапалары мен іскерліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды: ақпараттық сауаттылық, цифрлық ресурстарды пайдалана алу іскерлігі, жаһандық деңгейде ойлана алу, үздіксіз түрде білім алу және шығармашылық міндеттерді орындау және т.б. табылады.

Бүгінде әлем халқының 90%-ы мобильді байланысты белсенді тұтынушылар қатарына кірсе, шамамен 2 млрд-тай адам интернет желісіне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Киберкеңістік ақпаратты іздеу және тасымалдау құралы, сондай-ақ виртуалды қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл ортасы бола отырып, тұлғаның мінез-құлық стереотиптерінің, сондай-ақ идеалдарының, рухани құндылықтарының, жеке және қоғамдық дүниетанымының қалыптасуына айтарлықтай өз ықпалын тигізеді.

Бастапқыда біз жасаған барлық артықшылықтарды айтуымыз керек заманауи технологиялар адамның өміріне не әкелді? Біріншіден, медицина өзінің пайдасын алды, мұнда адамзаттың өмір сүру деңгейін көтеру мүмкін болды; содан кейін жұмыс орнында технологиялық процестер әр процесті оңтайландыруға көмектесті.

Дәл сол сияқты, қаржылық, коммерциялық және өндірістік сияқты мыңдаған бизнесті жүзеге асыратын компаниялар жетістікке қол жеткізе алды өсу және даму өте тез; Нәтижесінде, олар байланыстырылмаған компаниялардан айырмашылығы, аз уақытта пайда тапты заманауи технологиялар әсерінен.

Бүгінгі таңда білім берудегі заманауи технологияларды пайдалана отырып, қысқа уақыт ішінде қашықтықтан толыққанды білім алуға болады. Қазір оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынастың жаңа тәсілдері пайда болды. Білім беру мекемесін тұрғылықты жеріне емес, оқу сапасына қарай таңдайтын уақыт келді. Осы орайда, білім саласын жетілдіруде жаңа технологиялардың әсері қандай деген сұрақ ойландырады.


Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі

Ақпараттық технологиялардың білімге әсері

Интернет – білім беруге түзетулер енгізді. Өзгерістер оқыту әдістеріне де, білім беру процесін ұйымдастыруға деген көзқарастарға да әсер етті.

Білім беру жүйесі әлемдік ақпараттық кеңістікпен бірігу кезеңінен өтуде. Ақпараттық технологиялар материалды ыңғайлы және қолжетімді үйренудің заманауи әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

2020 жылдан бастап ақпараттық технологиялардың білімге әсері қандай?

2020 жылы әлемде коронавирус – COVID-19 Белсенді таралды. Көптеген елдер бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеулер енгізді, адамдар көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынды. Мектептерде, колледждерде және басқа ұйымдарда қашықтықтан оқыту нысандары енгізілді.

Электрондық білім беру және қашықтықтан оқыту технологиялары адамдарға біліктілігін арттыруға, кәсіптік қайта даярлаудан өтуге және өндірістен қол үзбей қысқа мерзімді оқытудан өтуге мүмкіндік берді. Оқушылар мен студенттер оқуды тоқтата алмады, бірақ ақпарат алудың жаңа тәсілдеріне бейімделе алды.

Білім беруде жаңа технологиялардың артықшылықтары

Небәрі 20 жыл бұрын науқас адамның оқу процесін тоқтап, сабақтарды жіберіп алып, материалды игере алмаған жағдайлар болатын. Қазір студентте пәндерді аурухана жағдайында да оқи алады. Осындайда, қашықтықтан оқыту технологияларының бірқатар артықшылықтары бар:

– ыңғайлы жерде оқыту;

– тайм-менеджмент дамыту – оқуды уақытылы жоспарлау;

– ақпаратты жылдам және оңай іздеу;

– ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері бойынша білімді жетілдіру.

Электрондық оқыту және қашықтықтан оқыту курстары аға оқытушылар құрамына оқытудың жаңа әдістерін үйренуге және үйреншікті тәсілдерін өзгертуге көмектеседі. Нәтижесінде тәжірибелі мұғалімнің практикалық дағдылары мен қызмет бағыты туралы жаңа теориялық ақпаратты біріктіретін оқыту жүйесін жақсартуға болады.

Материалмен танысу үшін компьютерді пайдалану абстрактілі ойлауды дамытады. Ол үшін бейнелер, аудио файлдар, презентациялар және тағы басқалар қолданылады.

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі

Ақпараттық технологиялар қол жетімді болғандықтан, болашақта студенттік шақтан бөлек оларды мектеп жасына дейінгі балалар үшін де қолдану ерекше. Мысалы, мұғалім интерактивті тақтаны, материалдарды көрнекі түрде көрсету үшін бейнелерді және т. б. пайдалана алады. Бала болашақтың цифрлық ортасында тезірек ыңғайлы бола алады.

Педагогикалық технологияның тиімді тұстары:

1. Білім алушы өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік алады, соған үйренеді;

2. Білім алушының жеке қабілеті анықталады;

3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес білім алушының ойлау, орындау қабілеті артады.

5. Өзін - өзі тексеруге дағдыланады.

6. Оқытушы жекелеген білім алушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.

7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Оқытушы – әдіс түрлерін пайдалана отырып, білім алушылардың тындалым мен айтылым дағдылары арқылы өздігімен жұмыс істей білуге, оқылым және жазылым дағдылары арқылы ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі әдістер мен шеберліктерді меңгеру арқылы қол жеткізуге болады.

Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. 

Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифр-ландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Жаңа колледжге кірер алдыңда турнекетті көрдіңіздер ол бізге студентердің қандай уақытта келгенін, кеткенін және бөгде адамдарға рұқсат жоқ болмайтынының дәлелдемесі, немесе колледждегі заманауи қондырғылар топтасы және т.б Яғни цифрлы және заманауи технологияларды меңгеру шарт бүгін оларды колледж оқытушылары семинар аясында сідерді жалықтырмай әдемі сәттерімен таңқалдырады деп сенемін. Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын  есере отырып  «Оқытушылар қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады», – деп атап көрсетті. Əр оқытушы күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл əдіс-тəсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология.


Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [4]. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел сабақтарда көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады.

Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тəсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы керек. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.

  

Əдебиеттер тізімі

1. Ишанғалиева А. М. Құзыреттілік – білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. – № 2. – 34-б.

2. Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар – талапшаң мұғалім еншісі // Бастауыш мектеп. – 2011. – № 4. – 25-б.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан, 2012. – № 41–42 (27114). – 28 қаңт.

4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. – 1999. – 23 шілде. – 2–5-б.

5. Полат Е. С. Интернет на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. – 2001. – № 3.

Comentarios


bottom of page