top of page
Search

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев: «Аттестаттау процесі жетілдірілді»

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестациялау үдерісін жетілдірді. Мұғалімдердің біліктілігін бағалаудың жаңа ережелері 2023-2024 оқу жылынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«Ұлттық платформа негізіндегі аттестаттау процесі автоматтандырылды. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталған. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Мұғалім тек модератор мен сарапшыға ауысқанда ғана өз пәні бойынша сынақтан өтеді. Педагог-зерттеуші мен педагог-шебер біліктілік санатын растау алып тасталынады, дегенмен Ұлттық платформа арқылы бақыланатын болады», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалау үшін кәсіби қызметін алғаш рет бастайтын немесе еңбек өтілі үзіліс болған педагогикалық мамандықтардың түлектері тестілеуден өтеді. Мұғалімдерді марапаттау тетіктері де өзгеруде. Енді мұғалімдер шәкірттерінің жетістіктеріне қарай бағаланып, оған соның нәтижесінде біліктілік санаты беріліп, марапатталатын болады. Бұл зейнет жасындағы мұғалімдерге де қатысты.


Бұдан басқа, Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы педагогтерді жұмысқа қабылдау рәсімін толық автоматтандыру жоспарлануда.



















Comentarios


bottom of page