top of page
Search

1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.


Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

– докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша)217 500 теңге;

– даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

– магистранттарға – 97 024 теңге;

– интерндерге – 75 890 теңге;

– жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойыншабілім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

– техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.


Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.

















bottom of page