«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын тәжірибеге енгізу қадамдары

«Тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас, жауы»
Әбу-Наср Әл- Фараби
Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, ана тілі, мәдениеті мен ұлттық құндылығы екені анық. Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері болып табылады.
Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жаңара бермек. Жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбиені қалыптастыру және дамыту мәселесі біздің яғни педагогтердің басты міндеті деп білемін. Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады. Ұлттық құндылықтардың асқан биігі- «ұят болады» деген сөзде. Бәрімізге үлкен кісілер «Ер адамның жолын кеспе, тамақты әуелі үлкендер бастасын, екі қолдап амандас, көп күліп, көп сөйлеме, жеті атаңды жатқа біл» дегендей көптеген тыйымдарды салып, бәрінің соңына ұя болады деп бізге дұрыс жолды нұсқаған. Расыменде, ұят бар жерде мәдениет пен адамгершілік қасиеттер сақталып қалары анық.«Ел болам десең- бесігіңді түзе» демекші өскелең ұрпақтың бойына ерте жастан ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеу басты міндетіміз болып отыр.
Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасы осы міндеттің орындалуына өз үлесін қосуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұстаз - ең алдымен, қадірлі маман. Ал ұстаз болу - қастерлі міндет»-деп айтып өтуінің мәні зор. «Жалпы кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Өсіп келе жатқан жас буынға тағылымды тәрбие және озық білім беру – педагогтер қауымының ең басты парызы» - деген сөзі орынды.
Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдениет пен өнерді насихаттау- тәрбиенің төресі деп айтсам артық болмас. Балабақшамызда күнделікті балалардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында таңертеңгі қабылдаудан кейін тәрбиеленушілер әнұранды шырқайды. Таңғы ас, түскі ас, кешкі астан кейін бата беріп, ас қайырады. Әр дүйсенбі біз үшін ұлттық күн болып бекітілген. Бұл күні балабақша ұжымы және тәрбиеленушілер ұлттық киімдерін киіп, балалар ұлттық ойындар ойнайды.
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» күннің кез - келген бөлігінде «Бестемше», «Асық ату», «Бес тас», «Шертпек», т.б ұлттық - танымдық ойындарды жиі ойнап, физикалық және танымдық қабілеттерін арттыруда.
«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда балалар қол жуу кезінде суды сарылдатып ағызып қоймай сабындап езіп алғанша оны сөндіре тұруға бейімделген. Сұйық сабынды көпіршітіп ойнаудың да дұрыс емес екенін біледі. Тамақтану процесінде асты төкпей-шашпай ұқыпты ішу керектігін және ойын бөлмесінен басқа бөлмелердің жарығын сөндіріп қою керектігін достарына айтып отырады.
«Күй күмбірін» – таңертеңгі қабылдау кезінде және балаларды тәтті ұйқыға жатқызу кезінде пайдалану енгізілген. Арнайы электронды «Киіз үй» және «Ақылды қоян» арқылы еркін қолдануға болады. Кейде көңілі көтеріңкі қыз балалар таңертең күйдің күмбірін естіп билеп кіреді. Достарының көңілін көтеруге себепші болып жатады.Күй тыңдау арқылы шығармашылық қабілеттеріартады.
Аптаның дәйек сөздері – іс-әрекет барысындағы қолданатын мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйек сөздері әр топтың ақпараттық стендтерінде, тақталарда және дәліздерде орналасқан. Тәрбиеленушілермен қатар ата-аналар да аптаның дәйек сөздерін оқып, танысып, ұялы телефондарына түсіріп алып жатады. Әрбір жаңа сөздің мағынасын түсіндіру арқылы сөздік минимумын көбейтіп, қайталату арқылы тілін дамытып, коммуникативтік қабілеттерін арттырамыз.
«Қауіпсіздік ережелері» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, балалардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқы ережелерін үйрете отырып әңгімелесу деп білеміз. Қауіпсіздікті сақтауға үйрету мақсатында жоспарға сай түрлі іс –шаралар ұйымдастырылады. Ата-аналармен өрт қауіпсіздігіне байланысты, жол ережесіне байланысты бірлескен көрмелер ұйымдастырылып, бөгде адаммен сөйлеспеу, терезеге жақындамау, үшкір заттарды және оттықпен ойнамау, электр құрылғыларына жақындамау тақырыптарында ойын іс-әрекеттері, сюжеттік-рөлдік ойындар ұйымдастырылып отырады.
Ата-аналар жиналыстарға, бірлескен тақырыптық көрмелерге, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі ойын – сауықтарға, дөңгелек үстелдер мен тренингтерге, семинарларға белсене қатысып, балаларға үлгі болуда. Бала тәрбиелеумен қатар ата-аналармен де тығыз байланыс орнатылып, белсенді жұмыстар жүргізілуде.
«Өнегелі 15 минут» күнделікті таңертеңгі балаларды қабылдау процесі кезінде ата-аналармен балалардың мінез-құлқы және адамгершілік қасиеттері, жаңа ортаға бейімделуі, жеткен жетістіктері туралы жеке әңгімелесу болып табылады. Ата-аналар бұл процке үйренген. Күнделікті тәрбиеші бүгін менің балам туралы қандай жағымды сөз айтады немесе бүгін қандай тақырып көтерілуі мүмкін деген оймен келеді.
Саясатты әзірлеу тұрғысынан «Адал азамат» барлық білім беру мекемелерін қамтитын бірыңғай тәрбие бағдарламасы ретінде айқындалады, оның түпкі мақсаты — «адал азаматты, қоғамның тірегін, әділдіктің, имандылықтың, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың жарқын көрінісін» қалыптастыру. Бұл мақсат балабақшадан бастап «түлек моделі» арқылы балалардың имандылық қасиеттерін, жауапкершілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен жүзеге асырылады. Яғни, бала балабақшаға барған алғашқы күннен бастап құндылықтарға бағытталған өсу жүйесіне енеді, ал «тәрбиені» мектепке барғаннан кейін ғана ала бастайды деп айтуға болмайды.
Лаура ДУЙСЕКУЛОВА
әдіскер, педагог-модератор
№49 «Алтынай» балабақшасы, Астана қаласы
АННОТАЦИЯ
Текст посвящён вопросам воспитания подрастающего поколения на основе национальных ценностей. На примере детского сада №49 «Алтынай» города Астаны показана система работы по приобщению детей к национальным ценностям, воспитание бережливого потребления и обучение правилам безопасности. Особое внимание уделено тесному взаимодействию с родителями, которые активно участвуют в жизни детского сада и подают пример детям. Автор подчёркивает, что главная задача педагогов — воспитывать граждан, способных взять на себя ответственность за будущее страны.

Comments