Astana Hub: Қазақстанның болашағы қалай қалыптасуда
- А. Петрухин
- 14 hours ago
- 9 min read

Astana Hub – еліміздің цифрлық жүрегі, мемлекеттің барлық болашақ инновациялық экожүйесін қалыптастыратын бірегей орын. IT-стартаптардың халықаралық технопаркі – бұл цифрлық өнімдер жасалатын, стартаптар дүниеге келетін және елдің жаңа технологиялық болашағы қалыптасатын Орталық Азиядағы IT-мамандардың, кәсіпкерлер мен инноваторлардың ең үлкен қоғамдастығы, тұтас IT-индустрия.
Astana Hub Қазақстанда IT-саланы дамыту, жас командаларға өз жобаларын іске қосуға көмектесу, шетелдік инвесторларды тарту және елді жаһандық цифрлық картада көрнекті ету үшін пайда болды. Мұнда стартаптар жұмыс кеңістігін, қолдауды, оқытуды, инвестицияларға қолжетімділікті және салықтық жеңілдіктерді алады.
Қазақстанда IT-саланы дамыту экономиканы неғұрлым технологиялық, шикізаттан тәуелсіз және болашаққа бағдарланған етуге мүмкіндік береді. Astana Hub-тің бас директоры Мағжан МӘДИЕВ «Современное образование» республикалық журналына берген сұхбатында Халықаралық технопарктің жұмысы және Қазақстандағы IT болашағы туралы айтып берді.

– Мағжан, бүгінде дарын иелері үшін бәсеке орасан зор. Әлемдік IT-хабтар ең жақсы жалақыны, өмір сүру жағдайларын және жетекші компанияларда жұмыс істеуді ұсынады. Сіздің көзқарасыңызды қандай ұстаным анағұрлым табыстырақ етеді? Неліктен резидент еместер Қазақстанды таңдайды? Сіздің ойыңызша, Қазақстандық IT-хабтың артықшылығы неде?
– IT-дарын иелері үшін бәсеке шынымен де жоғары және әлемдік IT-хабтар стартаптар үшін ең жақсы шарттарды ұсынады: салықтық жеңілдіктер, венчурлық капиталға қолжетімділік, заманауи инфрақұрылым, жеделдету бағдарламалары, тәлімгерлік және жаһандық нарықтарға шығу. Дегенмен, Сингапур, Израиль, Малайзия және Оңтүстік Корея сияқты көшбасшылардың аясында Astana Hub экожүйесі өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді. Бізде осы қолдаудың барлығы бір жерде жинақталған, ал бұл өзара әрекеттесуді жеңілдетеді және тиімдірек етеді.
2018 жылғы 6 қарашада ресми іске қосылғаннан бері Astana Hub экожүйені белсенді түрде дамытып, стартаптарды қолдап, елдегі экономикалық өсу мен технологиялық прогресс үшін жағдай жасауға ұмтылуда. Біз инновациялық жобаларды дамыту орталығы болып, серпінді IT-компаниялар шығарамыз келеді, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен жас әрі дарынды IT-мамандардың массасын тартатын ошаққа айналғымыз келеді.
Қазақстанның ІТ-қоғамдастықты белсенді дамыту үшін біз стартаптарға салықтық жеңілдіктерге, жеңілдетілген еңбек және визалық режимдерге, кеңсе және тұрғын үй-жайларға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, құрылған экожүйе стартаптарға ауқымын кеңейтуге, халықаралық серіктестер табуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Елімізде IT-бизнесті жүргізу үшін компанияларға көрсетілген қолдау шараларының арқасында Қазақстанда АКТ-саласының қарқынды дамып келе жатқанын айта кету керек. Бүгінгі таңда сала барлық көрсеткіштер бойынша өсуді көрсетіп отыр. Мемлекеттік қолдау, оның ішінде салықтық жеңілдіктер технопарк қатысушыларының үнемделген қаражатын өздерінің IT-жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға ықпал етеді. Бұл көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына және инновациялық шешімдердің пайда болуына әкеледі.
Сонымен қатар, Astana Hub қазақстандық стартаптарды жаһандық технологиялық экожүйеге біріктіруге ұмтыла отырып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Әлемнің жетекші ұйымдарымен ынтымақтаса отырып, біз стартаптарға озық технологияларға, білімге және нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, олардың көкжиектерін кеңейтуге және инвестиция тартуға көмектесеміз.

Халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыттары бойынша мысалдар келтірейін: біз Central Asia Innovation Hubs брендімен инновацияларды ілгерілету үшін күш-жігерді біріктіре отырып, Орталық Азияның стартап-экожүйесін дамыту үшін IT Park Uzbekistan компаниясымен белсенді ынтымақтасамыз. Сондай-ақ, Draper University-мен серіктестігіміздің арқасында қазақстандық стартаптар Кремний алқабында қарқынды оқыту бағдарламаларынан өтіп, кәсіпкерлік дағдыларын дамыта алады, инвестицияларды тартып, жобаларды ауқымдандыра алады. Alchemist Accelerator-мен ынтымақтастық біздің стартаптарға халықаралық нарықтарға шығуға көмектесетін АҚШ-тағы акселерациялық бағдарламаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2023 жылдың қыркүйегінде біз Кремний алқабында Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Моңғолиядан келген стартаптарға америкалық нарыққа шығуға, инвестициялар тартуға және жаңа өнімдерді дамытуға көмектесетін Silkroad Innovation Lab-ты іске қостық.
Ал 2024 жылдың соңында MENA нарығына шығуға бағытталған Plug n Play және Al-Farabi Hub бағдарламасы іске қосылды.
Біз Орталық Азия мен шет елден келген стартаптарды қолдауға бағытталған 10 млн доллар капиталы бар Astana Hub Ventures сияқты жаңа бастамаларды іске қостық. Маңызды бастама – экономиканың белсенді дамуына және Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін, 130 млн доллар көлемінде жиналған міндеттемелері бар мақсатты көлемі 1 млрд доллар болатын Қорлар қорын құру.
Бұл шаралар Қазақстанды IT-мамандар мен компаниялар үшін ерекше тартымды етеді, оларға қолайлы ортада даму үшін мүмкіндіктер береді. Осы бастамалардың барлығы Қазақстанда IT-экожүйені дамытуға және дарын иелерін тартуға бағытталған.
– Сіз айтарлықтай жетістікке жеткен жас әрі өршіл көшбасшысыз. Сіздің ойыңызша, технология саласындағы көшбасшыны не табысты етеді? Бүгінгі таңда IT саласында жетістікке жету үшін жастардың бойында қандай қасиеттер болу керек?
– Менің ойымша, технология саласындағы табысты көшбасшының бойында бірқатар негізгі қасиеттер болуы керек. Ең алдымен, бұл икемділік пен бейімделгіштік. Технология қарқынды дамып келеді, ал жаңа нәрсені тез үйренгісі келмейтіндер артта қалады. Өзгерістерге бейімделу және жаңа білім мен тәсілдерге ашық болу – табыстың негізі. Екінші қасиет – топта жұмыс істей білу. Технологиялық жобалар – бұл әрқашан командалық жұмыстың нәтижесі.
Көшбасшы тек шабыттандырушы ғана емес, сонымен қатар өз командасын тыңдай, қолдап, дамыта білетін адам болуы керек. Командадағы әрбір адам бұл іске өзінің үлесін қосып жатқанын сезінген кезде ғана нағыз жетістікке жетеді.
Стратегиялық ойлау да айтарлықтай маңызды. Технология саласындағы көшбасшы жалпы көріністі көз алдына елестетіп, туындаған ағымдағы мәселелерді ғана емес, оның келешегін де түсінуі керек. Бұл дұрыс шешім қабылдауға және ұжымның күш-жігерін қажетті арнаға бағыттауға көмектеседі. Сондай-ақ басшының ең басты қасиеті жауапкершілікті өз мойнына ала білуі деп білемін. Технология саласында көбінесе белгісіздікпен, тәуекелмен бетпе-бет ұшырасуға тура келеді. Табысты көшбасшы қиын шешімдерден қорықпайды және олардың салдары үшін жауапкершілікті алуға дайын. Және, әрине, бұл жерде инновациялық ойлау маңызды фактор, яғни шешуші рөл атқарады. ІТ – батыл болуды, жаңа тәсілдерді қолданып көруді және қателесуден қорықпауды талап ететін орта.

IT саласында табысқа жеткісі келетін жастарға мен үш негізгі кеңесті айтар едім.
Біріншісі – үздіксіз оқу. Технология ешқашан бір орында тұрмайды, сондықтан үнемі оқу және даму өте маңызды. Бұл жаңа бағдарламалау тілін үйрену, курстарға қатысу немесе өз жобаларыңызбен жұмыс істеу болуы мүмкін. Мысалы, Astana Hub білім беру платформасы ақпараттық технологиялар мен технологиялық кәсіпкерлік саласындағы түрлі бағдарламалар мен курстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Екіншісі – практикалық тәжірибе. Теориялық білім пайдалы болғанымен, бірақ шынайы тәжірибе ең құнды. Мен әрқашан хакатон-квесттерге қатысуға, тағылымдамадан өтуге және тақырыптық іс-шараларға баруға кеңес беремін. Бұл тек дағдыларды дамытып қана қоймай, сонымен қатар портфолио құруға және нетворкингті кеңейтуге көмектеседі. IT-комьюнитидің бір бөлігі болу өте маңызды.

Тағы бір маңызды кеңес – табанды болу. ІТ жолы, әсіресе бастапқы кезеңдерінде қиын болуы мүмкін. Дегенмен, қиындықтардан қорықпай, алға қойған мақсатына қарай ілгері жылжығандар ақырында жетістікке жетеді.
Қазіргі технологиялық әлем тек техникалық білімді ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты, адамдардың дағдыларын және эмоционалдық интеллектті қажет етеді. Осы қасиеттерді дамуға деген ұмтылыспен үйлестіретін болсаңыз, міндетті түрде жетістікке жетесіз.
– Өткен жылдағы стартаптардың қандай жетістіктерін атап өтуге болады?
– Өткен 2024 жыл Қазақстан мен Орталық Азияның стартап-экожүйесі үшін бетбұрыс кезеңі болды. Көптеген жобалар өздерінің product-market fit-ті тауып қана қоймай, сонымен қатар жаһандық инвесторлардың назарын аударып, халықаралық нарықтарға қатысуын кеңейте отырып, қарқынды өсуді көрсетті.
Ең көрнекті мысалдардың бірі – жасанды интеллектке маманданған Higgsfield AI стартапы. Оның негізін қалаушы алматылық Ерзат Дулат ЖИ көмегімен сапалы бейнероликтер жасауға мүмкіндік беретін сервис әзірледі.
Жоба қазірдің өзінде АҚШ-тан 8 млн доллар инвестиция тартты, бұл технологияны дамытуды жалғастыруға және OpenAI және Sora сияқты әлемдік көшбасшылармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Стартап 2023 жылдың маусымында іске қосылды. Қазіргі уақытта 2 миллионнан астам қолданушы Higgsfield AI өнімдерін пайдаланады, ал компания жасанды интеллект саласындағы ең ірі 185 ұйымның қатарына кіреді.

Бастапқыда құрылтайшылар ЖИ инфрақұрылымын құрумен айналысуды жоспарлады, бірақ кейінірек Reinforcement Learning маңызды элементі болып табылатын модельдерді жеке қалауларға бейімдеу шешімін ұсына отырып, тұжырымдаманы бейімдеді. Жоба тез арада танымал болды, pre-seed инвестициялары тартылды және қазақстандық инвестор Мұрат Әбдірахмановтың қолдауына ие болды.
Higgsfield AI-де халықаралық деңгейде мойындалған екі табысты өнім бар. Бұл оған Google нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 30 стартаптың тізіміне кіруге мүмкіндік берді. Бірінші өнім – бейнероликтер мен мәтіндерді жасау барысын айтарлықтай жеңілдететін мобильді контент-студия. Екіншісі – бизнес пен білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашатын контентті генерациялау платформасы. Diffuse деп аталатын қолданба мәтінді бейнеге түрлендіру үшін арнайы үлгіні пайдаланады және нөлден бастап бейнелер жасауға немесе селфи түсіруге және оларды иесінің қатысуымен бейнеге айналдыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ең көрнекті мысалдардың арасында келесілер бар:
Codiplay – бағдарламалау мен STEM-пәндерді оқытуға бағытталған білім беру тех-стартапы 10 млн доллар жинады және Еуропа мен Таяу Шығыстың нарықтарына сенімді түрде шығуда.
Қазіргі таңда әлемдік нарықты бағындырып отырған Өскемендегі Grand Mobile жобасын атап өткім келеді. Осы геймдев-стартап шығарған ойындарда барлығы 5 млн белсенді ойыншы және 60 млн жүктеп алу бар. 2024 жылдың күзінде компания ай сайынғы түсімі 200%-ға өскен екі еуропалық серверді ағылшын тілінде іске қосты. Еуропалық серверлер іске қосылғаннан кейінгі алғашқы екі айда 1,3 млн астам жаңа пайдаланушы тіркелді. Ойын бар-жоғы екі аптадан кейін Польша мен Румыниядағы Play Market-тің үздік үштігіне енді.

Тәжікстандық Азизджон Азими жүзеге асырып жатқан ZYPL.AI стартапын да айта кетейін. Бұл жоба біздің Google for Startups акселератордың Silkway Accelerator-пен бірлескен түлегі. Оның өсу қарқыны өте жақсы. Азизджон бізге алғаш келген кезде ZYPL.AI шамамен 5 млн долларға бағаланды, ал қазір ол 35 млн долларға бағаланды.
Citix – әлемде бірінші болып ақылды қала технологиялары мен цифрлық сыртқы жарнамадағы инновацияларды өз өнімдерінде біріктіретін Smart City және AdTech салаларындағы қазақстандық жаңашыл компания. Компания Қазақстанда көше гаджеттерінің желісін құрды, Digital Out-Of-Home нарығында тез арада жергілікті көшбасшыға айналды, Түркия және MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) нарықтарына шықты, қазіргі уақытта заманауи мегаполистер үшін технологиялар мен қызметтердің жаһандық экожүйесін құруда.
Citix Қазақстанның юрисдикциясындағы америкалық инвестицияларды тартқан алғашқы технологиялық стартап болды – ірі халықаралық инвестор, венчурлік капиталист Тим Дрейпер Citix-ке 1 млн астам инвестиция салды.
Cybernet – жергілікті және халықаралық нарықтарда өз шешімдерін енгізу арқылы экспоненциалды өсуді көрсеткен клиенттермен өзара әрекеттесу үшін дауыстық ЖИ-агенттерін әзірлеуге және енгізуге маманданған стартап.
Surfaice – AI және SaaS түйіскен жерінде озық өнімдерді жасайтын стартап АҚШ пен Еуропа нарықтарына шығуға белсенді дайындалуда.

Alma – Қазақстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері негізін қалаған legal tech саласының жобасы 5 млн долларды тартты және өз шешімін жаһандық деңгейде белсенді түрде кеңейтуде.
Бұл стартаптар қазақстандық және өңірлік кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетті өнім жасап қана қоймай, әлемдік инвесторлардың назарын аударып отырғанын көрсетеді. Қазақстан мен Орталық Азия халықаралық нарықтарға шығуға және өз шешімдерін жаһандық ауқымда кеңейтуге қабілетті инновациялық және өршіл жобалардың орталығы ретінде өздерін сенімді түрде танытуда.
– Қазір қандай айтышниктерге сұраныс жоғары? Қазіргі таңда бұл мамандықты ЖОО-да оқытудың мәні бар ма?
– Бүгінгі таңда IT-мамандарына, әсіресе бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, жасанды интеллект, деректерді талдау және киберқауіпсіздік сияқты жылдам дамып жатқан салаларда IT-мамандарына сұраныс жоғары. Әлем өзгеруде және цифрландыру қаржыдан медицинаға дейінгі өмірдің барлық саласына енуде. Сондықтан мен IT-мамандығын үйрену тек қана заман талабы ғана емес – бұл ілгерілеудің шебінде болғысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік деп есептеймін.
Дегенмен, тәсілдеме маңызды. Университеттер теориялық негіз береді, бірақ нарық практикалық дағдыларды, нақты жобаларды және заманауи технологияларды түсінуді талап етеді. Бұл жерде Astana Hub іске асыратын бастамалар маңызды рөл атқарады.
Мысалы,
Қазақстан Республикасының Президенті көтерген жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту бастамасы аясында Astana Hub еліміздегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School-ты іске қосты.
Tomorrow School 18 айға + ЖИ саласында маман дайындауға бағытталған 6 айға созылатын бірегей білім беру бағдарламасын ұсынады. Оқыту толығымен тегін және Астанадағы Astana Hub орталығында офлайн режимде өтеді. Мектеп тәулік бойы жұмыс істейді, ал оқушылар сабақ кестесін өздері таңдайды.

Оқыту форматы да ерекше – қалыптасқан түсініктегідей мұғалімдер мен дәрістер жоқ. Оқыту Николя Садирак әзірлеген инновациялық peer-to-peer жүйесіне негізделген. Бұл студенттердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі, мәселелерді бірлесіп шешу және бағдарламалау дағдыларын нөлден дамыту. Тәсілдің тиімділігі ұқсас мектеп түлектерінің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмыс табатындығымен расталады.
Сонымен қатар, Astana Hub тағы бір маңызды бастаманы – IT-мамандарды даярлауға бағытталған Tech Orda-ны жүзеге асыруда.
Tech Orda бағдарламасы бойынша мемлекет Қазақстанның жекеменшік IT-мектептерінде оқу үшін 600 000 теңгеге дейін гранттар береді.
Ол IT- саласының өзекті бағыттарын: веб-әзірлемені, 3D-дизайнды және AR/VR 3D-қолданбаларын, операциялық жүйелерді әзірлеуді, киберқауіпсіздікті және IoT, жасанды интеллект пен алгоритмдерді, мобильді қосымшаларды әзірлеуді, сондай-ақ Big Data және GameDev сияқты салаларды қамтиды.
Бізде өмірінде үлкен өзгерістер жасаған ынталы және өршіл қазақстандықтардың көптеген жарқын мысалдары бар. Олар аз уақыт ішінде ІТ саласындағы мамандықты игеріп, өз бойларындағы мүлде жаңа әлеуетті ашты. Мәселен, Tech Orda түлектерінің 88%-ы жұмысқа орналасса, олардың орташа жалақысы шамамен 580 мың теңгені құрайды. Түлектер Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Finance, Air Astana және басқа да ірі компанияларда жұмыс істейді.
Өз басым, бүгінгі таңда Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа кезеңінің қарсаңында тұр деп есептеймін. Tomorrow School және Tech Orda сияқты бағдарламалар – бұл әрқайсысына сұранысқа ие мамандық алу ғана емес, сонымен қатар жаһандық өзгерістердің бір бөлігі болу мүмкіндігі. IT – болашақтың кәсібі және бұл салада барлығына есік ашық.
– Мемлекет өңірлік деңгейде және бүкіл ел көлемінде инновациялық экожүйені құруға ұмтылып жатыр. Кадрларды (ЖОО-лар, колледждер), ғылыми ресурстарды (ЖОО-лар, ҒЗИ-лар), өндірісті, бизнесті және және билікті даярлаудың үйлесімді өзара іс-қимылына баса назар аударылуда. Бұл жұмыста Astana Hub қандай рөл атқарады?
– Astana Hub елдің технологиялық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін барлық қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отырып, инновациялық экожүйені құруда стратегиялық позицияны ұстанады.
Өңірлік IT-хабтарды дамыту – Astana Hub-тың жергілікті ІТ-комунити, ІТ-дарын иелерінің тұрақты ағынын қалыптастыруға және оларды Қазақстан өңірлерінде дамытуға бағытталған басым міндеттерінің бірі. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде ІТ-хабтар белсенді жұмыс істейді.
Өңірлік хабтардың негізгі міндеті – жергілікті IT-қоғамдастықты қалыптастыру, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап-мәдениетті құру және цифрлық оқыту үшін кең мүмкіндіктер беру. Бұл орталықтар өз идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті заманауи білім мен ресурстарға қол жеткізуді, сондай-ақ өңірлерде технологиялық жобаларды іске қосуды қамтамасыз ете отырып, дарын иелерін қолдауға ықпал етеді.

Сонымен қатар, технопарк білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылға белсенді қатысады. Атап айтқанда, Astana Hub IT саласында оқытуға қолайлы мүмкіндіктер беретін edu.astanahub.com онлайн білім беру платформасын іске қосты.
Tech Orda бағдарламасы аясында мұғалімдерді даярлау өте маңызды аспект, ол мектептегі білім беруге заманауи IT-пәндерді енгізуге және AI және GameDev бағыттары бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп генеративті жасанды интеллект және терең оқыту сияқты бағыттар бойынша 47 университеттің оқытушылары үшін қарқынды курстар жүзеге асырылуда. Бұл тәсіл болашақ еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделе алатын жоғары білікті кадрларды даярлауға көмектеседі.
Astana Hub сонымен қатар ғалымдардың, инноваторлардың, бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылы үшін мүмкіндіктер жасай отырып, ғылыми құрамдас бөлікті белсенді дамытуда. Astanahub.com негізінде Қазақстанның Цифрлық ғылыми порталын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту білім алмасуды айтарлықтай жақсартады және инновацияларды енгізуді едәуір жеделдетеді.
– Astana Hub үшін Сіз қандай жақын және ұзақ мерзімді өршіл мақсаттар қойып отырсыз?
– Astana Hub Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытудағы өз рөлін стартаптарды қолдайтын, экономиканы цифрландыруға және отандық ІТ-компанияларды халықаралық нарықтарға интеграциялануына ықпал ететін қуатты экожүйені құру ретінде көреді.
Біз: 2026 жылға қарай IT-қызметтердің экспортын 1 1 млрд долларға дейін ұлғайту, 10 мың AI-дарынды дайындау, 5 құралды арттыру (бағасы 1 млрд доллардан асатын стартаптар), 2030 жылға қарай IT-қызметтер мен өнімдердің жыл сайынғы экспортын 5 млрд долларға жеткізу сияқты өршіл мақсаттарға ұмтыламыз.
Біздің команда инвестиция тарту, кәсіпкерлік дарын иелерін дамыту және Қазақстанға да, жаһандық IT-саласына да пайда әкелетін инновациялар өркендей алатын ортаны қалыптастыру үшін жұмыс істейді.
2025 жылғы маңызды оқиға – бастамасын Қазақстан Президенті көтерген alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы. Орталық ЖИ саласындағы зерттеулердің, стартаптардың және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі алаңы болады.

Alem.ai әртүрлі салаларға 10 000 дарын иесін тарту, 1000 ЖИ кәсіпқойларын оқыту, 100 ЖИ стартаптарын іске қосу және жасанды интеллект саласында 10 ғылыми зерттеу жүргізу арқылы ЖИ экожүйесін дамытудың катализаторы болады. Орталық жаңа жұмыс орындарын ашады, халықаралық компанияларды тартады және басқарудағы цифрлық трансформацияның драйверіне айналады.
Жалпы алғанда, технопарк Қазақстанға тартылған инвестициялардың өсуіне, IT-экспорттың ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін ірі халықаралық технологиялық компанияларды
Сұхбатты дайындаған
Александр ПЕТРУХИН
АННОТАЦИЯ
Astana Hub – международный технопарк IT-стартапов, расположенный в столице Казахстана и образованный в 2018 году, является крупнейшим в Центральной Азии сообществом специалистов IT, предпринимателей и новаторов. Astana Hub активно развивает инновационную экосистему, выводя стартапы на глобальный рынок и стремясь создать условия для экономического роста и технологического прогресса страны. Цель технопарка – стать центром развития инновационных проектов, выпускать прорывные IT-компании, стать местом притяжения молодых и талантливых IT-специалистов со всего мира.
Comments