top of page

«Baby Tennis»: Астанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

21 hours ago
1 min read

Астана қаласында «Қазақстан Республикасы теннис федерациясы» балалардың дене белсенділігін арттыруға және ерте жастан тенниске деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған «Baby Tennis» жобасы жүзеге асырып жатыр, деп хабарайды елорда әкімдігінің ресми сайты, «Замануи білім беру» журналы Астана әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


«Baby Tennis»: Астанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

Аталған жоба № 1, 11, 37, 58, 84, 89, 93, 98 балабақшаларында инновациялық жоба енгізілген. Ал № 8, 9, 12, 15, 21, 25, 26, 27, 31, 32, 33, 35, 39, 40, 42, 43, 46, 47, 49, 54, 55, 60, 61, 63, 66, 67, 69, 70, 71, 72, 73, 75, 76, 78, 79, 83, 87, 88, 90, 91, 94, 95, 97, 99 балабақшаларында қосымша ретінде теннис элементтері өтіп жатыр.


Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды теннистің бастапқы элементтерімен таныстыру, ракетканы дұрыс ұстау және допты басқару дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың ептілігін, қимыл дәлдігін, тепе-теңдікті сақтау қабілетін және қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын арқылы теннистің қарапайым тәсілдерін меңгеруге бағытталған. Допты домалату, лақтыру, қағып алу және ракеткамен бағыттау сияқты жаттығулар қол мен көз қимылының үйлесімділігін жетілдіруге, кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға және зейінді шоғырландыруға ықпал етеді. Сонымен қатар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескеруге және қимыл-қозғалыс жаттығуларын қауіпсіз ортада орындауына жағдай жасауға ерекше мән беріледі.


«Baby Tennis»: Астанада 50-ден астам балабақшада балаларды тенниске баулитын жоба жүзеге асырылып жатыр

«Baby Tennis» жобасы мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытып, дене қабілеттерін дамытуға, спортпен жүйелі айналысуға деген қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page