top of page

Energo University-дегі Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) филиалы

2024 жылғы 18 қыркүйекте Алматыда Energy University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) базасында Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің филиалының ашылу салтанаты өтті.


Energo University-дегі Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) филиалы

Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті Қазақстанда неміс білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асыратын және неміс үлгісіндегі дипломдар беретін алғашқы неміс жоғары оқу орны болды.


 директор Международного университета Анхальт Эдуард Сименс

БАСШЫЛЫҚ


Филиалды Халықаралық Анхальт университетінің директоры, профессор, техника ғылымдарының докторы, Германия мен Орталық Азиядағы халықаралық білім беру жобаларының жетекшісі, Болашақ Анхальт интернет зертханасын жасаушы, 150-ден астам ғылыми мақала мен 80-нен астам патенттің авторы, кемінде үш технологиялық стартаптың құрушысы Эдуард Сименс басқарды.





БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Бакалавриат

• 6В07127 Электротехника және ақпараттық технологиялар

• 6В07126 Биомедициналық инженерия

Оқыту тілі: ағылшын.

Оқу мерзімі 4 жыл.


ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

– ҰБТ-дан өту балы – 70-тен төмен емес.

– Ағылшын тілін білу – B2 деңгейінен төмен емес;

Ағылшын тілін білу деңгейін растау үшін үміткерлерге «Тілдер» кафедрасында ішкі тестілеуден өту қажет. B1 деңгейінен кем емес халықаралық сертификаттардың бірі бар талапкерлер ағылшын тілі бойынша тестіден босатылады. IELTS Academic – 5,5-дан кем емес; TOEFL IBT – 72-тен кем емес; АЭжБУ филиалында немесе серіктес ЖОО-да B2-ден төмен емес деңгейде тілдің ішкі тесті қабылданады (2025 жылдың маусым айында өткізіледі).

 

Energo University-дегі Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) филиалы

 

ГРАНТТАР

2025–2026 оқу жылына ЖОО-ға 100 мемлекеттік грант бөлінді. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 13-20 шілде аралығында барлық қазақстандық ЖОО-лар үшін ортақ схема бойынша өтеді.


ОҚУ ЖӘНЕ ТҰРУ

Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің барлық оқу бағдарлама-лары айқын практикалық маңыздылығымен сипатталады. Жобалау жұмыстары мен практикалық қорытынды жұмыстар білім беру процесінің ажырамас бөлігі. Студенттік идеялар олардың практикалық құндылығы үшін бағаланады және барлық пәндер болашақ кәсіби тәжірибеге бағдарланумен біріктіріледі. Өз кезегінде, Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ – энергетика, ақпараттық технологиялар, байланыс және экология саласында мамандар даярлайтын Орталық Азиядағы ең ірі ЖОО. Университет озық жабдықтармен жабдықталған жоғары технологиялық зертханалар мен инновациялық орталықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басқа қаладан келген студенттер АЭжБУ жатақханаларында тұрады.


ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Тел.: +77072600533


Energo University-дегі Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) филиалы

Commentaires


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page