top of page

И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі филиалы: 100 грант

Көптеген онжылдықтар бойы Мәскеудегі Губкин университеті әлемнің жүзден астам елі үшін мұнай-газ саласының мамандарын дайындап келеді. ЖОО түлектері өз елдерінің жетекші компанияларында ең жоғары лауазымдарға ие. Жаһандық жиынтық рейтинг нәтижелері бойынша 2022 жылы ЖОО әлемдегі ең үздік он университеттің қатарына енді. Губкин атындағы Университет жұмыс берушілер тарапынан түлектерге сұраныс бойынша жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының үштігіне кіреді. Биылдан бастап И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің қазақстандық филиалына Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында студенттерді қабылдау басталады.

 

Филиал РГУ нефти и газа им. И. М. Губкина в АУНГ им. С. Утебаева: 100 грантов на обучение

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТІЛІ

И. М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ-дің Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіндегі филиалы В071 «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» қос дипломды білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқытуды жүзеге асырады:

• 6В07208 «Мұнай-газ ісі. Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану»;

• 6В07207 «Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары»;

• 6В07209 «Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық модельдеу».

Оқу мерзімі: 4 жыл.

Түсу сынақтары мен филиалда оқу орыс тілінде жүргізіледі.


ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Филиалдың бірінші курсына қабылдау бас ЖОО-ның филиалы өткізетін математика және орыс тілі бойынша жазбаша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Әр пән бойынша 100-ден кем дегенде 40 балл жинау керек. Емтихандар Атырау қаласында өткізіледі.

ҰБТ нәтижелері қажет емес.


ҚҰЖАТТАР МЕН ЕМТИХАНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ

Қабылдау сынақтары (емтихандар) өтеді:

Математика – 16 шілде;

Орыс тілі – 18 шілде.

Жазбаша сынақтардың ұзақтығы:

математика бойынша – 2 сағат,

орыс тілі бойынша – 2 сағат.

Қазақстан Республикасының гранты бойынша оқуға түсуге ұсынылған талапкерлер 28 шілдеден кешіктірмей филиалдың қабылдау комиссиясына бірінші курсқа қабылдау үшін білімі туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынуға тиіс.

Филиалдың қабылдау комиссиясы бірінші курсқа қабылданған әрбір студентке сабақты бастау үшін филиалға қабылдау және келу мерзімі туралы ресми хабарлама жібереді.

 

Филиал РГУ нефти и газа им. И. М. Губкина в АУНГ им. С. Утебаева: 100 грантов на обучение

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

• 6В07208 «Мұнай-газ ісі. Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану» – 50 орын;

• 6В07207 «Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары» – 25 орын;

• 6В07209 «Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық модельдеу» – 25 орын.

Филиалда ақылы білім алуға болады. Төлем тәртібі бас ЖОО-ның Ғылыми кеңесі шешкеннен кейін айқындалатын болады.

Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын орындарға және ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар бойынша орындарға түсушілер үшін бірдей түсу сынақтары белгіленеді.


ТҰРУ

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жатақханасында тұруды ұйымдастыру қарастырылған.

 

Филиал РГУ нефти и газа им. И. М. Губкина в АУНГ им. С. Утебаева: 100 грантов на обучение

ОҚУҒА ТҮСУГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Н. Ө. Балғынбаев атындағы Коммуникацияларды дамыту орталығында талапкерлер үшін консультациялар ұйымдастырылады, онда оқуға түсушілер кадрларды даярлау бағыттары мен түсу емтихандары бойынша қажетті ақпаратты ала алады.


БАЙЛАНЫСТАР

Call-центр: 8 800 080 88 89

Қабылдау комиссиясы: +7 775 391 83 94

Мекенжайы: 060027, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Мұса Баймұханов көшесі, 45А.



Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page