Gylym FabLab оқушылары Almaty Winter V5 Competition турнирінің жеңімпаздары атанды
- Редакция "СО"

- 19 hours ago
- 1 min read
2025 жылғы 6–7 желтоқсанда Алматыда өткен Almaty Winter V5 Competition турнирінде Ғылым ордасы Gylym FabLab робототехника зертханасының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Excellence Award және Tournament Champions марапаттарын жеңіп алды!

Бұл жеңіс біздің оқушыларымызға 2026 CREATE U.S. Open Robotics Tournament – V5RC High School халықаралық чемпионатына қатысу мүмкіндігін сыйлады.
2026 жылдың 16–18 наурызында олар АҚШ-тың Айова штатында өтетін әлемдік додада үздік командалармен бақ сынамақ.
Қазақстандық оқушылардың әлемдік аренаға жасаған бұл сенімді қадамы — еліміз үшін үлкен мақтаныш!



Comments