top of page

«Kazenergy» ассоциациясы бір жылдық оқу грантын ұсынады

«KAZENERGY» Ассоциациясы ақылы негізде оқитын, әлеуметтік осал топтан шыққан студенттер мен абитуриенттерге 1 жылдық оқу грантын ұсынады.


Ассоциация «Kazenergy» предоставляет годовой образовательный грант

Қажетті құжаттар:

СТУДЕНТТЕРГЕ:

- әлеуметтік тобын көрсететін анықтама;

- ⁠алдыңғы курс транскрипті;

- ⁠оқитыны туралы анықтама;

- ⁠есеп бөлімінен 1-жылдық оқу ақысы туралы анықтама.

АБИТУРИЕНТТЕРГЕ:

- әлеуметтік тобын көрсететін анықтама;

- ҰБТ нәтижесі көрсетілген сертификат;

- ⁠оқу орнына құжаттар тапсырған анықтама;

- ⁠есеп бөлімінен 1-жылдық оқу ақысы туралы анықтама.


ТАЛАПТАРЫ:

- құжаттар https://grant.kazenergy.com/ сайтында толтырылып қабылданады ( компьютер, ноутбук);

- ⁠толық ақпарат www.kazenergy.com сайтында ( қызметтер~оқу бағдарламасы~жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оқу);

- ⁠қосымша сұрақтарды candidate@kazenergy.com эл. поштасына жіберуге болады.


ЕСКЕРТУ: конкурсқа ұсыныс бере алатын білім беру бағдарламалар тобы:

- жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;

- ⁠ақпараттық коммуникациялық технологиялар;

- ⁠инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;

- ⁠су шаруашылығы және биоресурстар;

- ⁠қызмет көрсету.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page