top of page

Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (KINI): бакалавриат және магистратура

Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (KINI): бакалавриат және магистратура

2023 жылы Ақтауда Қазақстан мен Германия консорциумы аясында ашылған Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институты (KINI) Қазақ-Неміс университеті (DKU) мен Есенов университетінің (YU) бірлескен бастамасы болып табылады. KINI өзінің нақты міндеттерін шешу үшін өнеркәсіппен жұмыс істейтін инженерлерді дайындайды. Институт неміс инженерлік білім беру стандарттарына негізделген бірегей білім беру тәжірибесін ұсынады. Биыл қабылдау 7 бакалавриат бағдарламасына және 1 магистратура бағдарламасына жүзеге асырылады. Барлығы 8 бакалавриат және 6 магистратура бағдарламасын ашу жоспарлануда. Қазір институтта Қазақстанның 11 өңірінен келген 130-ға жуық студент білім алып жатыр.


Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (KINI): бакалавриат және магистратура

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОҚУ ФОРМАТЫ

KINI бакалавриатының білім беру бағдарламалары тоғыз семестрден тұрады, оның төрт семестрін студенттер Ақтау қаласындағы Yessenov University базасында, бесінші және алтыншы семестрлерді Алматыдағы DKU-да, ал соңғы үш семестрді Германияның техникалық жоғары оқу орындарында оқиды.

Бірінші курс студенттеріне неміс тілі нөлден бастап қарқынды оқытылады. Екінші курстан бастап студенттер Германияда неміс тілінде тілдік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Студенттер пәндерді қазақ, орыс және неміс тілдерінде оқиды, сондай-ақ ағылшын тілін академиялық және кәсіби коммуникация тілі ретінде меңгереді.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының тізбесі, ҰБТ және серіктес-ЖОО-лардың бейіндік пәндері кестеде көрсетілген.

Магистрлік бағдарламалар бірінші жылы Ақтау қаласында, екінші жылы Германияның серіктес университеттерінің бірінде оқытуды көздейді. Қазіргі уақытта магистратурада «Industrial Engineering» бағдарламасы жұмыс істейді. 2026-2027 жылдары «Energy Engineering», «Logistic Management», «Data Engineering and Artificial Intelligence», «Circle Engineering and Environment» и «Computer Science» магистрлік бағдарламаларын ашу жоспарлануда. Қазақстанда да, Германияда да оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.


Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (KINI): бакалавриат және магистратура

 

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бакалавриатқа түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 60-тан жоғары және ағылшын тілінің деңгейі А2 болуы қажет. IELTS немесе TOEFL сияқты ағылшын тілін көрсететін сертификаттар қабылданады. Мұндай сертификат болмаған жағдайда KINI Entrance Test институтында ағылшын тілінен емтихан тапсыруға болады. Емтихан Reading және Listening дағдылары бойынша компьютерлік форматта өткізіледі және шамамен 50 минутқа созылады. Тест тапсыру тегін және оны бірнеше рет қайта тапсыруға болады. Егер талапкер Ақтау қаласында болмаса, ол тестіні онлайн тапсыра алады. KINI Entrance Test бакалавриатқа түсуге үміткерлерге арналған. Оны ағымдағы оқу жылының қыркүйегінен шілде айының соңына дейін тапсыруға болады.

KINI магистратурасына түсу үшін тілдік сертификат талап етілмейді. Ең бастысы – кешенді тестілеуден (КТ) сәтті өту. КТ-да ең төменгі шекті балл – 70, оның ішінде бейіндік пәндер бойынша кемінде 7 балл жинау қажет.


Бағдарлама атауы / Название программы

Группа образовательных программ

ҰБТ бейіндік пәндер / Профильные предметы ЕНТ

Немецкие вузы-партнеры

Energy Enginееring / Энергетикалық Инжиниринг / Энергетический Инжиниринг

B062 Электр техникасы және энергетика / B062 Электротехника и энергетика

Математика-Физика

HAW HAMBURG

Process Engineering / Технологиялық Инженерия / Технологическая Инженерия

B064 Механика және металл өңдеу /

B064 Механика и металлообработка

Математика-Физика

HOF / HAW HAMBURG

Mechatronics / Мехатроника / Мехатроника

B063 Электр техникасы және автоматтандыру / B063 Электротехника и автоматизация

Математика-Физика

HOF

Electrical Engineering / Электротехникалық Инжиниринг / Электротехнический Инжиниринг

B062 Электр техникасы және энергетика / B062 Электротехника и энергетика

Математика-Физика

HOF

Computer Science / Компьютерлік Ғылымдар / Компьютерные Науки

B057 Ақпараттық технологиялар / B057 Информационные технологии

Математика-Информатика

HOF

Logistics / Логистика / Логистика

B095 Көлік қызметтері/ B095 Транспортные услуги

Математика-География

TH Wildau

Industrial Management / Өнеркәсіптік Менеджмент / Промышленный Менеджмент

B044 Менеджмент және басқару / B044 Менеджмент и управление

Математика-География

HS Mittweida

Environmental Engineering / Экологиялық Жүйелер Инженериясы / Инжиниринг Экологических Систем

B051 Қоршаған орта / B051 Окружающая среда

Биология-География

HOF / HAW HAMBURG


АҚЫЛЫ ОҚУ

Коммерциялық негізде білім алғысы келетін студенттер үшін институт бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Бакалавриат бағдарламасында оқу құны жылына 2,5 миллион теңгені, ал магистратура бағдарламасында жылына 3,5 миллион теңгені құрайды. Бұл қазіргі білімге, практикалық дағдыларға және халықаралық мүмкіндіктерге жол ашатын болашаққа салынатын инвестиция.

 

Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (KINI): бакалавриат және магистратура


БІЗДІ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

Институт Ақтау қаласының қақ ортасында, Yessenov University базасындағы 32-ші ықшам ауданда орналасқан. Байланысу үшін +7777010 5079 нөміріне қоңырау шалып, WhatsApp-қа немесе support@kini.kz поштасына жаза аласыз. Бағдарламалар, қабылдау сынақтары және студенттік өмір туралы барлық өзекті ақпарат www.kini.kz ресми сайтында орналастырылған.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page