top of page

Seifullin University кәсіпкерліктің табысты тәжірибесінде EMBA магистратурасында оқуды ұсынады

Seifullin University Executive Master of Business Administration (EMBA) магистратурасын немесе "стратегиялық менеджментті" ұсынады. Бұл басқарудың іргелі теориясына, кәсіпкерліктің табысты тәжірибесіне және тыңдаушылардың өзіндік тәжірибесіне негізделген іскерлік басқару шеберлерін бизнесті басқаруға үйретудің жылдық классикалық курсы.


ree

EMBA-дағы білім алушыларға "болашақпен өзара әрекеттесу" үйретіледі: компанияның өсу перспективаларын бағалау және бірегей даму стратегияларын құру; өзгерістерге тез бейімделу, ситуациялық менеджмент құралдарын және Soft Skills-ті тиімді пайдалану.


Кем дегенде 1-3 жыл кәсіби тәжірибесі бар адамдар оқуға түсе алады. Көбінесе EMBA-ны қалыптасқан мамандар немесе басшылар таңдайды. 


Бағдарламаның бірегейлігі мынада: оқыту айқын қолданбалы сипатқа ие (бизнес-кейстер, топтық жобалар, іскерлік ойындар, нетворкинг), білім алушылардың шетелдік тағылымдамаларға шығу мүмкіндігі бар.


Executive Master of Business Administration дәрежесінің иегері ҚазАТЗУ-да DBA - Doctor of Business Administration - да салалық мамандандырумен оқуын жалғастыра алады.

Егер сізде жұмыс тәжірибесі болса және мансаптық өсуге ұмтылсаңыз, өз бизнесіңізді ашқыңыз келсе немесе топ-менеджментте позицияға ие болғыңыз келсе, сондай - ақ халықаралық компанияларға қызығушылық танытсаңыз-EMBA бағдарламасы сізге арналған. Тек бір жылдық оқу барысында сіз еңбек нарығында өз құндылығыңызды едәуір арттырасыз және басқарудың негізгі дағдыларын игересіз.


ЕМВА-ға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 20 тамызға дейін жалғасады. Емтихандар 21-25 тамыз аралығында әңгімелесу түрінде өтеді.


Түсу мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 39-76-07, +7 778 543 03 26, +7 778 456 9811 немесе ҚазАТЗУ корпусында: Жеңіс даңғылы 62, каб. 1414.


Seifullin University-дегі EMBA - бұл сіздің топ-менеджментке, жеке бизнеске және халықаралық мүмкіндіктерге қадамыңыз!

 
 
 

留言


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page