top of page
Search

Академиялық адалдық лигасы қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтинг нәтижелерін ұсынды

Екінші жыл қатарынан Академиялық Адалдық Лигасы білім беру бағдарламаларының тиімділік көрсеткіштеріне негізделген қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингін жасауда, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Рейтинг әдістемесі түлектердің орташа жалақысы, жұмысқа орналасу деңгейі және жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ түлектердің сараптамалық бағасы мен мансаптық перспективалары сияқты бірқатар объективті көрсеткіштерді қамтиды.


Рейтингті анықтау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын университет оқу бағдарламаларының сапасы туралы ресми ақпарат пайдаланылады. Ақпаратты «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жинап, өңдейді.


ЖОО рейтингтерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

Білім беру бағдарламаларының тиімділігін орташа бағасы=1-(∑▒(білім беру бағдарламаларының рейтингіндегі орны)/(бәсекелестер саны))/(білім беру бағдарламаларының саны).


Университет позицияларын есептеудің бұл тәсілі - рейтингтік бағалауды қалыпқа келтіріп, оны білім беру бағдарламаларының санына қарамастан барлық ЖОО-на қолдануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, тіпті бірнеше бағдарламалары бар университеттерді де әділ салыстыруға болады.


Рейтингтегі көшбасшылар – білім беру бағдарламаларының орташа тиімділігі басқа оқу орындарымен салыстырғанда жоғары университеттер. Бұл университеттерді өз бағдарламаларын жетілдіруге ынталандырып, түлектерінің еңбек нарығындағы табасты болашағына қызығушылықтарын арттырады.

Академиялық адалдық лигасының рейтинг нәтижесіне негізделе жасалған қазақстандық топ-10 университет:


1. Қазақстан-Британ техникалық университеті (Орташа баға 91,59%)

2. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті (Орташа баға 91,04%)

3. Қазақстан-Неміс университеті (Орташа баға 84,45%)

4. КИМЭП университеті (Орташа баға 84,34%)

5. Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Орташа баға 78,20%)

6. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Орташа баға 76,61%)

7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Орташа баға 72,75%)

8. Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (Орташа баға 70,57%)

9. Нархоз университеті (Орташа баға 69,73%)

10. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Орташа баға 67,75%)


Рейтинг нәтижелері ақпараттық-талдамалық дашборд форматында ұсынылған. Оның көмегімен талапкер рейтингтегі жоғары оқу орындарының позицияларымен ғана танысып қоймай, сонымен қатар орташа жалақы, жұмысқа орналасудың орташа деңгейі және түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша жоғары оқу орындарының нақты білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Бұл университет пен мамандықты таңдау кезінде дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі.



bottom of page