Алматы қаласында алғаш рет Инклюзивті білім берудің дүниежүзілік конгресі
- Редакция "СО"

- Oct 12
- 1 min read
2025 жылғы 15–17 қазан аралығында Алматы қаласында алғаш рет Инклюзивті білім берудің дүниежүзілік конгресі (World Inclusion Congress – WIC 2025) өтеді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Конгресс – инклюзивті білім берудің жаңа дәуірін қалыптастыруға және баршаға қолжетімді білім беру ортасын дамытуға бағытталған бірегей халықаралық платформа болмақ.
Іс-шараға әлемнің 50 елінен 3500-ден астам қатысушы – министрлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, білім және технология саласының көшбасшылары мен танымал эксперттер қатысады деп күтілуде. Бағдарламада Innovation Expo көрмесі мен Инклюзивті білім беру жөніндегі Алматы декларациясын қабылдау жоспарланған.
Аккредитацияға өтінімдер 2025 жылғы 14 қазанға дейін қабылданады.
Өтетін орны: Алматы қ., Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty, Grand Hall
БАҚ өкілдерін аккредитациялау бойынша: Зауре Мұқанова +7 702 278 70 78



Comments