top of page

Ақмола облысында инклюзивті білім беру инфрақұрылымы күшейтіліп жатыр

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балаларға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін жағдайлар жасау бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Білім басқармасы арнайы білім беру ұйымдары желісін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.


ree

Бүгінгі күні өңірде:


- 5 арнайы мектеп-интернат,

- 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК),

- 21 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК),

- 127 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті (ИБҚК) жұмыс істейді.


2024 жылдың қыркүйегінде Көкшетау қаласында алғаш рет ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған «Аяла» арнайы балабақшасы ашылды. Бұл ЕББҚ бар балалардың мектепке дейінгі білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге маңызды қадам болды.


Инклюзивті білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) рөлі ерекше. Олар психофизикалық дамуында бұзылыстары бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмегін көрсетеді.


Мектепке дейінгі  және жалпы орта білім  бөлімінің бас маманы Макпал Калиякбарованың айтуынша, кабинеттердің қызметі аясында жеке, топтық және шағын топтық форматта жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламалары жүзеге асырылады. Сондай-ақ ППТК педагогтерге, ата-аналарға ЕББҚ бар балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беріп,  әдістемелік көмек көрсетеді.

«Бала ППТК-ға түскен кезде оның ерекшеліктері мен пәнаралық командалық бағалау қажеттілігін анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізіледі.Командалық және жеке бағалау нәтижелері негізінде балаға көрсетілетін көмек пен қызметтің көлемі, сабақтың ұзақтығы анықталып, оның жеке дамыту бағдарламасы әзірленеді.


2025 жылғы 13 ақпандағы №А-2/64 Ақмола облысы әкімі қаулысының негізінде Көкшетау қаласында 21-ші ППТК ашылды»,- деп толықтырды Макпал Калиякбарова.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында 21 ППТК жұмыс істейді, онда  2 мыңға жуық бала барады. Бұл мұндай қызметтердің жоғары сұранысқа ие екенін және өңірде инклюзивті білім беру инфрақұрылымын әрі қарай дамытудың маңыздылығын көрсетеді.



Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page