top of page
Search

Бағдарламалау бойынша жетекші халықаралық мектеп Қазақстандық ЖОО-лар базасында ашылады

16.04.2024.


Саясат Нурбек и Султан Дерор

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Astana Hub» КҚ бас директоры М. Мәдиев пен «01 Edu system» негізін қалаушысы Sultan Deror-мен кездесті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.   


Министр кездесу барысында Қазақстандағы жоғары оқу орындары базасында «01 Edu system» бағдарламалау бойынша жетекші мектептердің бірін ашуды ұсынды.

«01 Edu System» өзін өзі оқыту және «peer-to-peer» оқыту принциптеріне негізделген бірегей бағдарламалау мектебі болып саналады. Ол студенттерге нақты жобалармен жұмыс істеу және басқа студенттермен тәжірибе алмасу арқылы бағдарламалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Өңірлік университеттер базасында Министрлікпен бірлесіп «01 edu system» мектебінің ашылуы IT саласында білім беруді және Қазақстанның инновациялық сапасын дамыту үшін маңызды мүмкіндіктің бірі. Бұл бастама ақпараттық технологиялар саласындағы жастардың біліктілігін арттыруға және IT саласына талантты студенттерді тартуға көмектеседі.








bottom of page