top of page

Диплом қолдан жасау: әлі де мүмкін бе?

Қазіргі уақытта интернет кеңістігінде жалған дипломдар туралы ақпарат белсенді түрде таралуда. Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп хабарлайды «Современное образование» журналы ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Диплом қолдан жасау: әлі де мүмкін бе?

Министрлік жоғары оқу орындары түлектеріне арналған өз үлгісіндегі білім туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ осындай құжаттардың серияларын бекітті.


Дипломдар бірегей нөмірлер мен QR-кодтар бере отырып, арнайы модуль арқылы қалыптастырылады. Жүйеге тек осы модульде тіркелген жоғары оқу орындарының ресми жауапты қызметкерлері ғана қол жеткізе алады.


Дипломдарды генерациялау «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Егер ЖББП-да білім алушы туралы мәліметтер болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес.


Генерацияланған бірегей нөмірі мен QR-коды жоқ өз үлгісіндегі білім туралы құжаттар жарамсыз деп есептеледі.

Бұған қоса, ҚР МКИ мен ІІМ тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін жояды. ҚР ҚК 385-бабына сәйкес, жалған құжаттарды қолдан жасау немесе пайдалану айыппұлға, түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе айыруға әкеп соқтырады.


Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МКИ-ге берілді.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары деректерді цифрландыруды жалғастыруда, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz арнайы сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электронды нұсқасы «электронды үкімет» («Цифрлық құжаттар») қосымшасында да қолжетімді.


Айта кету керек, жалған дипломдарды қолдан жасау немесе пайдалану заңнамаға сәйкес қатаң түрде жазаланады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page