top of page
Search

Елімізде «Kazakhstan Student's Union» студенттік бірлестігі құрылады

Елімізде «Kazakhstan Student's Union» студенттік бірлестігі құрылады. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы студенттер кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам университет өкілдері қатысты. Іс-шара университеттердің студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары, жоғары оқу орындары басшылары және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арасында ашық диалог форматында өтті. Белсенділер жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жатақханалардағы орын тапшылығы, жол төлемдері бойынша есеп беру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Министр студенттердің сұраныстарын қолдап, жол төлемдері мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін ірі қалаларда жаңа жатақханалар салу бойынша жобалық кеңселер құрылып жатқанын, сондай-ақ жыл сайын 10 000 жаңа төсек-орын енгізілетінін айтты.




bottom of page