top of page
Search

Жұбанов университетінде Heriot-Watt университетіне оқуға түсу емтиханы өтті

Жұбанов университетінде Heriot-Watt университетіне оқуға түсу емтиханы өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Жұбанов университеті базасындағы Heriot-Watt Шотландия университетінің филиалына түсуші талапкерлер ағылшын тілін білуге түсу емтиханын тапсырды.


Емтихан басталар алдында Heriot-Watt университетінің өкілдері қатысушыларды қарсы алып, сәттілік тіледі.


Heriot-Watt университетінің Халықаралық факультетінің атқарушы деканы Анна Фендж емтихан тапсырушы үміткерлермен қыркүйек айында университет қабырғасында қайта жүздесетініне сенім білдірді.


Емтихан уақыты бір сағатқа созылды. Ақтөбе және басқа өңірлерден келген 300-ге жуық талапкер емтихан тапсырды.


Бірнеше күн ішінде талапкерлерге нәтижелері көрсетілген сертификаттар электрондық пошталарына жіберілетін болады.


Естеріңізге сала кетейік, аталмыш емтиханнан өтпеген талапкерлер маусым және шілде айларында қайта тегін тапсыра алады.



bottom of page