Жұлдыз Сүлейменова «Абай ұлттық мектебінің» түлектерімен, педагогтерімен және оқушыларымен кездесті
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
Оқу-ағарту министрінің м.а. Жұлдыз Сүлейменова Алматыға келіп, «Абай ұлттық мектебіне» барды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдымен Жұлдыз Сүлейменова мектеп түлектерімен кездесті. Олардың арасында журналистер, айтыскерлер мен белгілі қоғам қайраткерлері болды. Кездесу ашық сұрақ-жауап форматында өтті. Түлектер соңғы күндері әлеуметтік желілерде мектепке қатысты көтерілген барлық сауалды тікелей қойды. Аудит қорытындысы, мектеп басшылығындағы өзгерістер және оқу процесінің қазіргі жағдайы сөз болды. Жұлдыз Сүлейменова әрбір сауалды ашық әрі толық талқылады.
Бұдан кейін мектеп педагогтерімен кездесу өтті. Ұжым мүшелері оқу процесін ұйымдастыру, мектептің күнделікті жұмысы және өздерін толғандырған ішкі мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелерді ұжыммен бірге жан-жақты талқылады.
Кездесулерден кейін Жұлдыз Сүлейменова мектеп ғимараты мен жатақхананы аралап, балалардың оқуына және тұруына жасалған жағдаймен танысты. Оқушылармен әңгімелесіп, олардың оқу барысы мен мектептегі өмірі туралы пікірлерін тыңдады.
Бүгінде «Абай ұлттық мектебі» штаттық режимде жұмыс істеп, оқу процесі қалыпты жалғасуда.



Comments