top of page

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған.Бүгінгі таңда 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Келешек мектептері

Аталған жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық қазақстандық баланы заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.Айта кету керек, бұл мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде салынуда. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласы қазіргі заманғы жайлы білім беру ортасымен қамтылды.


«Бұл жоба – елімізде орта білім сапасын арттыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама. Бұл — жай ғана мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары. Сондықтан ұлттық жоба аясында қалыптасатын білім ұйымдарын «Келешек мектептері» деп атауды ұсынып отырмыз», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев Орталық коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингте.

Бұл мектептердің артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігінің құрылуда. Мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда, 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жарақтануы 4 есеге артық. Барлық мектептер заманауи жиһазбен және құрал-жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған.Жоба аясында жергілікті өндірісті қолдауға ерекше басымдық берілуде. Мектеп құрылысына қажетті материалдар, мектеп жиһаздары тек отандық тауар өндірушілерден сатып алынуда.


Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердегі оқыту жүйесінің басым бағыттарына кеңінен тоқталды.


Бұл мектептердегі тәрбие процесі тек білімді ғана емес, сонымен қатар біз «Адал Азамат» деп атайтын жоғары моральдық қасиеттерге ие және қоғамның дамуына үлес қосуға дайын жауапты, адал, бастамашыл азаматты қалыптастыруға бағытталған. Балалар ерте жастан бастап еңбекті құрметтеу, әлеуметтік әділеттілік, адалдық және жауапкершілік қағидаларын үйренеді. Осы тұлғалық жеке қасиеттерді біз Қазақстанның табысты дамуының негізі деп санаймыз.


Сонымен қатар, жоба аясында біз ұлттық мәдениет пен күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде экологиялық тәрбиені қалыптастырамыз. Бұл «Таза Қазақстан» республикалық акциясы идеяларының қисынды жалғасы: экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру біздің балалармен жұмысымыздың маңызды бағытына айналуда.


«Бастауыш сыныптардан бастап түрлі мамандық иелерімен кездесулер, жобалық апталар ұйымдастырылады. 7-сыныпта оқушылар үшін тереңдетілген бейіндік оқыту, тәлімгерлік жүйесі және жеке білім беру курстары енгізіледі. Бұл үдерісті тиімді үйлестіру және басқару мақсатында «Мансап компасы» арнайы цифрлық платформасы әзірленуде. Ол оқушыларға болашақ кәсіби бағытын және әрі қарайғы білім алу жолын саналы түрде таңдауға көмектеседі», – деді министр.

Оқушыларды еңбекке баулу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мектептерде әмбебап шеберханалар мен студиялар, сондай-ақ ерте кәсіби білім беруге арналған арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған. Атап айтқанда, тігін, аспаздық, ІТ, ағаш шеберханасы және басқа да бағыттар бойынша оқу бөлмелері қажетті заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

 

Comentários


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page